ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Жанна АСАНОВА, Алматы қалалық сайлау комиссиясының...

Жанна АСАНОВА, Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы: Әркімнің дауысы маңызды!

Сайлау-2023 18.10.2022, 03:40 1,812
Жанна АСАНОВА, Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:  Әркімнің дауысы маңызды!
almaty-akshamy.kz
Учаскелік комиссияның жұмысы 4 қарашадан басталады

Учаскелік комиссияның жұмысы 4 қарашадан басталады


20 қараша күні еліміз үшін маңызды науқан – Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы өтеді. Осыған орай, әр партиядан саяси ұйымдар өз кандидаттарын ұсынды. Сайлауға белсенді түрде қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың борышы. Осы ретте Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна АСАНОВАМЕН хабарласып, саяси науқанның барысы жайлы әңгімелескен едік.


– Жанна Бейсентайқызы, Президент сайлауына дайындық қалай жүргізілу­де?


– Дайындық басталып кетті. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін нақтылауда. Сайлау­шылардың дауыс беруіне қолайлы орта құру үшін сайлау учаскелерін тиісті мате­риалдық-техникалық базамен қамту жұ­мыстары жүргізіліп жатыр.


Сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану бойынша ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігі мен құзыретін арттыру мақсатында арна­йы оқытулар ұйымдастырылған.


– Алматы қаласы бойынша сайлау комиссиялары құрылды ма?


– Қалада 609 сайлау комиссиясы құ­рылған. Барлық деңгейдегі сайлау комис­сиялары саяси партия және қоғамдық бір­лестіктер ұсыныстары негізінде мәслихат арқылы сайланады. 609 сайлау комиссия­сының 1-еуі қалалық, 8-і аудандық, 600-і учаскелік.


Қала бойынша 600 сайлау учаскесі бар. Оның 531-і тұрғылықты мекенжаймен, 69-ы уақытша тіркелгендер үшін құрылған (ауруханалар, санаторийлер, әскери меке­мелер, т.б.)


Жалпы, сайлау комиссия мүшелерінің саны – 4759. Алматы қаласында бүгінгі таңда 1 млн 161 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.


– Қалада тіркелмеген тұрғындар қалай дауыс береді? Уақытша тіркел­гендер учаскесін қалай анықтайды?


– Сайлаушыларды сайлаушылар тізімі­не енгізу – сайлауға қатысу үшін ең қа­жетті нәрсе. Сайлаушылардың тізімін тиісті әкімдіктер «Жеке тұлғалар» мемле­кеттік деректер базасының негізінде тұр­ғылықты жері бойынша жасайды. Нақты сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін, тұрғылықты жері бойынша тір­кеу фактісі негіз болып есептеледі. Әр сайлаушы факт бойынша орналасқан учас­ке аумағына қарамастан, тіркелген аума­ғындағы учаскеге келіп дауыс беруі тиіс.


Алайда сізге сайлауға дейін 30 күн қалғанда белгілі болса, онда сіздің 2022 жылдың 21 қазанында тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге баруға мүмкіндігіңіз болмайтын болса, сіз өзіңіз орналасқан жеріңіз бойынша әкімдікке сізді сайлау күні сіздің орналасқан жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазба­ша өтінішпен жүгінуге құқыңыз бар.


Сіз сайлаушылар тізімдерінде өзіңіздің бар-жоғыңызды @almaty_sailau_bot телег­рамм боты арқылы немесе https://open-almaty.kz/ru сайтынан ЖСН енгізу арқылы анықтай аласыз.


Егер сіздің тұрақты тіркеуіңіз болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметтерді он­лайн түрде алу мүмкіндігі шеңберінде, сіз үйден шықпай-ақ еGov арқылы тұрақты тіркеуге тұруыңызға болады.


– Қалаға сырттан, шетелден келген бақылаушылар туралы айтып берсеңіз?


– Шетелдік бақылаушылардың келуі туралы ақпарат сайлау күніне жақындаған­да анықталады. Әзірше Алматы бойынша ондай ақпарат жоқ.


– Сайлаушылар дауыс беруге арнал­ған үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс беруіне бола ма?


– егер дауыс беруші денсаулығының жай-күйі бойынша;


- науқас отбасы мүшесін күту себебі бо­йынша;


сайлау учаскелері құрылмаған шалғай­дағы және қатынасу қиын аудандарда бо­лып, дауыс беру үшін келе алмайтын бол­са, онда сайлау күні (2022 жылдың 20 қарашасы) жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей, учаскелік сайлау комиссиясына, өзі болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Арыз берген соң учаскелік сайлау комиссиясы сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.


– Сайлау учаскесіне келген кейбір тұрғын өздерін тізімнен таба алмай ша­ғымданып жатады. Себебі неде?


– Біріншіден, сайлаушының тұрақты тіркеуінің болмауы, екіншіден, сайлаушы­ның басқа сайлау учаскесіне қателесіп ке­луі, үшіншіден, сайлаушының басқа өңір­де тіркеуде болуы себеп болып жатады.


Мұндай жағдай болмау үшін азамат дауыс беруге бармас бұрын алдын ала @almaty_sailau2022 телеграмм боты арқылы немесе https://open-almaty.kz/ru сайтынан сайлаушылар тізімінен өзін тексеріп алу қа­жет. Жоғарыда айтылғандай, сайлау құғы­ғын иелендіретін әрекеттерді жасау керек.


Сонымен қатар, тағы бір қосымша жағ­дай – азамат сайлаушылар тізімінің тізім­дер учаскесіне берілгеннен кейін тұрақты тіркеуге тұрып немесе 18 жасқа жаңа то­луы мүмкін. Бұл ретте әрине, тізімде бол­майды. Алайда, бұл жерде де шешім бар: дауыс беру күні учаскелік сайлау комис­сиясы ол азаматты арнайы функционал арқылы тексеріп, егер сол учаскедегі тір­кеуі дәлелденсе, тізімге жазбаша түрде қосады.


– Сұхбатыңызға рахмет!


Сұхбаттасқан Гүлжанат СЕМБАЕВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.