AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жаңа өнімнің астық экспорты 7 млн тоннаға жетті

Жаңа өнімнің астық экспорты 7 млн тоннаға жетті

Экономика 16.04.2025, 12:35 887
Жаңа өнімнің астық экспорты 7 млн тоннаға жетті
Сурет: Gov.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 2025 жылғы 13 сәуірге дейінгі аралықта жаңа өнімнің 7 миллион тонна астығы экспортталды.

Бұл көрсеткіш өткен ауыл шаруашылығы маусымындағы (4,6 млн тонна) көрсеткішпен салыстырғанда 35,2%-ға жоғары, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстандық астық экспортының негізгі бағыты — Орталық Азия елдері. Мысалы, Өзбекстанға жеткізу көлемі 2 млн тоннадан 2,6 млн тоннаға дейін өсіп, 23,5%-ға артты. Тәжікстанға экспорт 33,7%-ға ұлғайып, 681 мың тоннадан 1 027 мың тоннаға жетті. Ауғанстанға жеткізу көлемі 26%-ға (198 мың тоннадан 267 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 49,7%-ға (83 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін) өсті.

Астық экспортының Иран мен Әзербайжан бағыттары бойынша да айтарлықтай өсімі байқалды. Иранға экспорт көлемі 15,2 есеге артып, 54 мың тоннадан 825 мың тоннаға жетсе, Әзербайжанға — 99,4 есеге, яғни 5 мың тоннадан 497 мың тоннаға дейін өскен.

Қазақстан өңірлік азық-түлік нарығындағы өз позициясын нығайта отырып, сапалы астықты шетелге тұрақты түрде экспорттауды жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астық #жаңа өнім #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);