ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың...

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі

Алматы 21.08.2025, 16:19 385
Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бірінші сыныпқа қазірдің өзінде 27 мыңға жуық бала қабылданды. Оның ішінде 57%-ы мемлекеттік тілде білім алатын болады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім...

Бірінші сыныпқа қазірдің өзінде 27 мыңға жуық бала қабылданды. Оның ішінде 57%-ы мемлекеттік тілде білім алатын болады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Оның сөзінше, жыл сайын мемлекеттік тілде оқуға деген сұраныс артып келеді. Бүгінде мегаполистегі барлық оқушылардың 51%-ы қазақ тілінде білім алып жатыр.

«Мысалы, 1990 жылы мемлекеттік тілде бар-жоғы 11 мың ғана оқушы оқыған болса, биыл олардың саны 177 мыңға жақындады. Яғни бұл көрсеткіш табиғи түрде 16 есеге өсті», – деді Сайфеденов.

Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы баласының оқу тілін өз қалауы бойынша таңдауға құқылы. Қолданыстағы нормативтік ережелерге сәйкес, мектептер қызмет көрсету аймағында тұратын барлық балаларды қабылдауға міндетті, ал жаңа білім беру мекемелерін ашу барысында оқу тілі қоғамдық сұранысқа қарай анықталады.

«Кейінгі 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды, соның 19-ы немесе 80%-ы – мемлекеттік тілде білім береді. Сонымен қатар, «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында ашылуы жоспарланған 12 мектептің 9-ы қазақ тілінде болады. Мұның бәрі ата-аналардың сұранысына байланысты», – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы.

Брифинг барысында айтылғандай, басты басымдық – халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.