ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ресми бөлім / Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген...

Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды

Ресми бөлім 05.02.2026, 20:38 164
Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды
Сурет:https://web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР жаңа Конституциясына әрбір азаматтың...

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР жаңа Конституциясына әрбір азаматтың мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынды. 

Ол сөз басында Комиссия мүшелеріне келісу, талқылау және қызу пікірталастардың күрделілігіне қарамастан, ашықтық пен сындарлылық ұстанғаны үшін алғысын білдірді. 

«Заңгер әріптестеріме азаматтық қоғамның ұсыныстарына нақты тұжырым тапқандары үшін алғыс айтқым келеді», - деді Қарлығаш Жаманқұлова. 

Адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту мәселесіне тоқтала отырып, мемлекеттік органдар қызмет бабына қарай күн сайын адамдардың тағдырымен байланыста болатынын атап өтті. 

Атап айтқанда, мемлекеттік шешімдер – рұқсаттар, тыйымдар немесе тексерулер қарапайым адамның жұмыс істеу, оқу, емделу және өз мүлкін қорғау мүмкіндігін анықтайды.

Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, адамның мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келтірілген зиянды өтеу құқығы құқықтық мемлекеттің және құқықтар мен бостандықтардың нақты сипатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. 

«Қазақстандықтар осындай залал үшін барабар өтемақы алуы тиіс. Егер азаматқа әділетсіздік жасалса, ол жұмсаған уақыты, ақшасы немесе тіпті жүйкесі үшін өтемақы алуы керек», – деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, мұндай конституциялық кепілдік азаматтарды қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз шешімдер мен іс-әрекеттер қабылдау қаупін азайта отырып, тұрақты алдын алу әсерін тигізеді.

«Егер сот мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттері заңсыз деп таныған жағдайда, азаматтарға осындай өтемақы алу мүмкіндігіне кепілдік беру қажет», - деді Қарлығаш Жаманқұлова. 

Ол мұндай кепілдікті Конституция деңгейінде енгізу әр адамның құқық субъектілігін тану екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция әрбір адам құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатындығынан және оларды, мемлекеттен де қорғауды өз бетінше талап етуге құқылы кендігінен туындайды», – деді ол. 

Жалпы, Қарлығаш Жаманқұлованың пікірінше, мұндай норманы енгізу әрбір азаматты жария-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы етеді, «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың практикалық құралына айналады.

«Сайып келгенде, мұндай нормамен жаңа Конституцияның жобасы ел азаматын, оның мүдделері мен құқықтарын бірінші орынға қоятын барынша адамға бағдарланған болады. Сондықтан Конституцияға әрбір азаматтың мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынамын», – деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.