ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Жаңа денсаулық сақтау министрі тікелей эфирде есін...

Жаңа денсаулық сақтау министрі тікелей эфирде есінен танып қалды

Әлем 10.09.2025, 10:05 425
Жаңа денсаулық сақтау министрі тікелей эфирде есінен танып қалды
Видео кадры
Швецияның жаңадан сайланған денсаулық сақтау министрі Элизабет Ланн Стокгольмде өткен баспасөз конференциясында есінен танып қалды. Швециялық SVT телеарнасы оқиғаның видеосын жариялады, - деп...

Швецияның жаңадан сайланған денсаулық сақтау министрі Элизабет Ланн Стокгольмде өткен баспасөз конференциясында есінен танып қалды. Швециялық SVT телеарнасы оқиғаның видеосын жариялады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.  

"Үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс таныстырылған баспасөз конференциясы барысында жаңа денсаулық сақтау министрі Элизабет Ланн есінен танып қалды. Осыдан кейін ол залдан шығарылды", – делінген хабарламада.

Трибунада Ланнмен бірге премьер-министр Ульф Кристерссон, энергетика және кәсіпкерлік министрі Эбба Буш, сондай-ақ әлеуметтік істер министрі Якоб Форсместед тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша, есінен тануға қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі себеп болған. Бұған байланысты баспасөз конференциясын кейінге шегеруге тура келді.

2020 жылы Нидерландтың денсаулық сақтау министрі Бруно Брейнс те коронавирус жағдайына байланысты парламентте өткен талқылау кезінде есінен танып қалған еді. Оның айтуынша, бұл шамадан тыс шаршаудан болған.

Элизабет Ланн туралы не белгілі?

Элизабет Ланн - Гетеборг қаласының муниципалды кеңесшісі әрі «Христиандық демократия» партиясының мүшесі. 

Оның алдындағы министр Ако Анкарберг Юханссонның тосыннан отставкаға кетті. 

Ланн сол күні-ақ денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.