ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қ...

Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды - депутат

Билік 04.02.2026, 11:03 175
Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды - депутат
Видео кадры
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жаңа Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың біріне тоқталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жаңа Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың біріне тоқталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Жаңа Конституцияның жобасы халықтың талқысына ұсынылды. Қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Кейбір баптарға қатысты сын да айтылуда. Бұл – қалыпты әрі қажет процесс. Өйткені Конституция – әрқайсымыздың тағдырымызға, болашағымызға тікелей әсер ететін негізгі құжат. Алайда біздің айтқандарымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат. Расында, өте үлкен жұмыс атқарылды. «Реформа жөніндегі комиссия мүшелері кімдер, олардың біліктілігі қандай?» деген пікірлер де аз айтылған жоқ. Мәселен, 1995 жылы жазылған қолданыстағы Конституцияны Ю.Басин, В.Ким, А.Котов, Мұхамеджанов бастаған небәрі 12 адам ғана жазып шыққан. Оның үшеуі – шетелдік сарапшылар еді. Ал бұл жолы Конституция жобасын 130-дан астам өз азаматтарымыз әзірледі. Мәжілісте талай әріптестеріміз айтқан, әсіресе «AMANAT» партиясынан берілген біраз ұсыныстар қолдау тапты", - деді ол. 

Депітат мәтіннің тіліне тоқталды. 

"Қолданыстағы Конституцияның қазақша мәтінінде бірізділік жоқ, баптары шұбалаңқы, күрделі. Оны қарапайым халық түгілі, заңгерлердің өзі әрең түсінетін. Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды. Ең бастысы — біз бұл Конституцияда тарихы бар ел екенімізді, Қазақ мемлекетінің Ұлы Дала төсіндегі сан ғасырлық мемлекеттілік сабақтастығын шегелеп тұрып көрсеттік. Қазіргі конституцияда  тарих туралы бір ауыз сөз жоқ. Қоғамда көтерілген кейбір түйткілді мәселелерге тоқталғым келеді: Соңғы кезде «жекелеген аумақтарға конституциялық мәртебе беріледі» деген тақырып ақпараттық манипуляцияға айналып кетті. Қайталап айтамын, жаңа Ата заңның кіріспесінде де, 2-бабында да Қазақстанның аумағы мен шекарасының тұтастығы өзгермейтіні тайға таңба басқандай жазылған. Яғни, елдің аумақтық тұтастығы ешқашан мәселе ретінде талқыланбайды деген сөз", - деді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.