AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Жамбыл филармониясына – 90 жыл

Жамбыл филармониясына – 90 жыл

Мәдени Алматы 15.01.2025, 18:58 1,293 Bakyt
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

Қазақ өнерінің алтын ордасы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

1935 жылы 14 қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен құрылған бұл өнер ордасы 1938 жылы жыр алыбы Жамбылдың есімін иеленді. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен «Академиялық» мәртебе беріліп, ұжымның шығармашылық деңгейі жоғары бағаланды.

Филармонияның негізін қалаушы – көрнекті музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР-нің халық әртісі Ахмет Жұбанов. Әр жылдары бұл мекемеде қазақ музыкасы мен өнерінің ұлы тұлғалары қызмет етті. Олардың қатарында Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Қали Жантілеуов, Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Жүсіпбек Елебеков, Бибігүл Төлегенова сынды аңыз адамдар бар.

Филармонияның шығармашылық ұжымдары – Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Мемлекеттік хор капелласы, ішекті аспаптар квартеті, классикалық гитаристер квинтеті және басқа да өнер ұжымдары – қазақ және әлемдік классикалық музыкаға үлкен үлес қосып келеді.

Репертуарында 20 000-нан астам туындысы бар филармония ұжымы 90 жыл бойы қазақ өнерінің рухын асқақтатып келеді. Қасиетті өнердің қара шаңырағы мерейтой қарсаңында жыл көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізуді және қараша айында гала-концерт ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Алматы қаласының талғампаз көрермендерін өнер кештеріне шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл #Филармония #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);