AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жамбыл атындағы филармонияда «ХХ25» фестивалінің а...

Жамбыл атындағы филармонияда «ХХ25» фестивалінің ашылуы өтті

Барлығы 09.06.2025, 17:35 723 dulatbekova
Жамбыл атындағы филармонияда «ХХ25» фестивалінің ашылуы өтті
Сурет: Жамбыл атындағы филармония

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «ХХ-25» атты фестивалінің ашылу концерті өтті.

Халыққа классикалық өнерді насихаттауды мақсат еткен филармонияда екінші рет өтіп жатқан фестивальдің мақсаты - ХХ ғасырдағы және заманауи композиторлардың симфониялық шығармаларын жарыққа шығару, өткен ғасырда туған идеялардың бүгінгі күнмен үндесуін паш ету, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Биылғы фестивальдің басты мақсаты - шет елдердегі ЖОО білім алып, жұмыс істеп, бүгінгі күні шет мемлекеттерде етене танылып үлгерген қазақ жастарының Қазақстанға келіп өнер көрсетіп, тыңдармандарға өнерлерін насихаттау. Фестиваль-концертте Қанат Омаровтың жетекшілігіндегі Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуінде арнайы Бельгиядан шақырылған халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Меруерт Карменова өнер көрсетті. 

Халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Меруерт Карменова:

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының мерейтойлық жылында өнер көрсету – мен үшін зор мәртебе болды. Бұл кеште мен Кароль Шимановскийдің №1 скрипкаға арналған концертін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, маэстро Қанат Омаровтың дирижерлік етуімен орындадым. Айта кетерлігі, бұл туынды Қазақстанда алғаш рет орындалды. Кештің ерекше атмосферасы, оркестрдің жоғары кәсібилігі мені қатты тәнті етті және жадымда ұзақ сақталатыны сөзсіз. Филармония ұжымына, оркестр әртістеріне, маэстро Қанат Омаровқа және менің өнерімді ыстық ықыласпен қабылдаған барлық тыңдарманға шын жүректен алғыс білдіремін. Осындай рухани кешке қатысу мен үшін үлкен шабыт пен қуаныш сыйлады».

Концерттік бағдарламада  әлемдік симфониялық өнердің таңдаулы туындылары ұсынылды. Филармонияда өткізілген кезекті іс-шара – дәуірлер мен ұрпақтар үнінің тоғысқан тұсы, өнер арқылы салынған рухани көпірдің нағыз көрінісі болды. «ХХ25» фестивалі алдағы 13,21 маусым күні концерттік бағдарламамен жалғасын табады.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Филармония #Жамбыл атындағы #Алматы #ХХ25 #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);