AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Италияда «Шаман және Шыңғыс хан» кітабының тұсауке...

Италияда «Шаман және Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті 

Кітап - көңіл кілті 21.05.2025, 14:01 988 Сұлу
Италияда «Шаман және Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті 
«TÜRKTAV» қоры

Түрколог Әсел Лахаева жетекшілік ететін «TÜRKTAV» қоры Еуропада алғашқы халықаралық іс-шарасын жүзеге асырды.

Турин халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы, Алаш сыйлығының иегері Арслан Койчиевтің қор тарапынан ағылшын тіліне аударылған «Шаман және Шыңғыс хан» атты кітабының тұсаукесері мен Итальяндық фотоөнер шебері София Лавровтың «Турин мен Бішкек: Екі шаһар — бір жүрек» атты көрмесі өткізілді. 

«Турин мен Бішкек: Екі шаһар — бір жүрек» атты көрмеде София қос қаланың ырғағы мен рухын фотосуреттері арқылы жеткізе білді. Бұл көрме бұған дейін Бішкекте Гүлзада Шаршеналиева ұйымдастырған іс-шара аясында Қырғызстанның Ұлттық бейнелеу өнері музейінде өнерсүйер қауымға ұсынылған болатын. Біз де осы құнды көрменің бір бөлігін Турин тұрғындары мен қонақтарымен бөлісу мүмкіндігіне ие болдық»,-дейді Әсел Лахаева.

Сондай-ақ, ол «TÜRKTAV» атынан түркі жазушылардың еңбектерін Түркі дүниесінде ғана емес, күллі әлемге кеңінен танытқысы келетіндігін айтты. 

Италия мен Түркі әлемі арасындағы байланыстар терең тарихи тамырларға ие. Орта ғасырларда Марко Поло сынды Венециялық саяхатшылар мен дипломаттар Түркістан жері мен түркі халықтардың мәдениетін Еуропаға таныстырған.
ХХ ғасырда Италиядағы түркология зерттеулері дербес академиялық сала ретінде қалыптасты. 

Агустино Зали, Алессио Бомбаччи және Джузеппе Стори сынды көрнекті ғалымдар түркі тілдері, жазу жүйелері мен әдеби мұрасына айтарлықтай үлес қосты.

Турин кітап жәрмеңкесі 1988 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Италияның ең ірі, ал Еуропаның ең беделді кітап жәрмеңкелерінің бірі. Жыл сайын әлемге танымал жазушыларды, баспагерлерді және әдебиет сүйер қауымның басын қосып халықаралық мәдени өзара ықпалдастыққа елеулі үлес қосып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #шыңғысхан #Бішкек #Көрме #Италия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);