ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Италия кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға н...

Италия кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті

Экономика 02.06.2022, 11:14 1,684
Италия кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
Сурет: Qazaqtv.com
Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 9,5 млрд долларға дейін өсті.

Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 9,5 млрд долларға дейін өсті.


Апеннин түбегінен елімізге құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 123 млн долларға жуықтаған. Тараптар осы көрсеткішті ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италияның саяси және іскер топтарымен келіссөздерінің қорытындысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Айта кетейік, қазірдің өзінде 200 италиялық компания мұнай-газ секторында, құрылыста, инфрақұрылымды дамытуда және энергетикада жұмыс істеуде. Сонымен қатар, еуропалық кәсіпкерлер тамақ және өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және жасыл энергетика салаларында бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық танытуда.



"Италиялық компаниялар Қазақстандағы жобаларға инвестиция салған секция ерекше қызығушылық тудырды. Әсіресе геосаяси жағдайға байланысты белгілі бір қиындықтарға тап болған және өз бизнесін Ресейден басқа елдерге көшіруге ниетті компаниялар арасында аса сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың келешегін талқыладық және инвестициялық климат аясында ұсына алатын барлық жеңілдіктерді таныстырдық", - ҚР Премьер-министрінің орынбасары – деді Сыртқы істер Министрі Мұхтар Тілеуберді.


"Санкциялар Италия экономикасы мен бизнесіне әсер етеді. Біздің үкімет сауда агенттіктерін қолдап, өзге нарықтарда жаңа мүмкіндіктер іздестіруде. Бұл Қазақстанға экспорттау немесе инвестиция салу мүмкіндігі бар деген сөз. Біз италиялық компаниялардың жеткізу нарықтарын әртараптандыруын қалаймыз.  Осы ретте Қазақстан аса қызықты нарық", - деді Италия сауда және инвестициялық агенттігінің директоры Роберто Луонго.



Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі тағы бір маңызды қадам – Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы. 12 маусымнан бастап Милан-Алматы бағытында тұрақты рейс іске қосылды. Сарапшылардың айтуынша, рейстердің коронавирустық пандемиядан кейін туризм саласын қалпына келтірудегі ықпалы зор болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.