ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Ипотека бойынша ең жоғары пайыз әзірге төмендемейд...

Ипотека бойынша ең жоғары пайыз әзірге төмендемейді

Экономика 06.01.2026, 17:14 410
Ипотека бойынша ең жоғары пайыз әзірге төмендемейді
aikyn.kz
Қазақстанда ипотекалық несие бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме кемінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда ипотекалық несие бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме кемінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк 5 қаңтарда бірлескен шешім қабылдады. Соған сәйкес, ипотека пайызын төмендету кейінге қалдырылды.

Қазір Қазақстанда несиелер бойынша мынадай ең жоғары пайыздар қолданылады:

кепілсіз несие — 46%

кепілмен берілетін несие — 35%

ипотека — 25%

Мәселе неде?

Билік ипотеканың ең жоғары пайызын 20%-ға дейін түсіргісі келген. Бірақ қазан айында негізгі пайыздық мөлшерлеме 18%-ға көтерілген соң, банктер үшін ипотека беру тиімсіз болып қалды. Соның салдарынан көптеген ірі банктер коммерциялық ипотеканы тоқтатты.

Ипотека нарығы мүлде тоқтап қалмас үшін, билік пайызды төмендетуді кейінге шегеруді жөн көрді.

Қазір банктерде 20%-дан жоғары пайызбен мақұлданған өтінімдер көп. Егер шекті пайызды қазір төмендетсе, сол адамдар ипотека ала алмай қалуы мүмкін. Сондықтан уақытша бұрынғы деңгей сақталып отыр.

1 шілдеден кейін не болады?

Билік 2026 жылдың ортасына дейін ипотека пайызын көтермейтінін айтты. Бірақ 1 шілдеден кейін ипотека беру тәртібі өзгереді.

Болашақта ипотека пайызы:

бастапқы жарна көлеміне,

несие алу мерзіміне,

сатып алынатын үйдің бағасына байланысты болады.

Яғни, ипотека пайызы әр адамға жеке есептелетін жүйеге көшуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.