AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Индонезиядағы жеңіс: полицей ару әлем чемпионы ата...

Индонезиядағы жеңіс: полицей ару әлем чемпионы атанды

Спорт 18.12.2024, 19:45 1,053 dulatbekova
Индонезиядағы жеңіс: полицей ару әлем чемпионы атанды
Сурет: Polisia.kz

Индонезияда өткен «Gamma World MMA Championship 2024» әлем чемпионатында полицей ару әлем чемпионы атанды

10-14 желтоқсан күндері Индонезия астанасы Джакарта қаласында ересектер арасында өткен «Gamma World MMA Championship 2024» әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемнің 66 елінен келген 920 спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері Аида Хайруллина Қазақстан намысын абыроймен қорғап, әлем чемпионы атанды. 72,6 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида үш кездесуін де сенімді жеңіспен аяқтады. Алғашқы кезеңдерде Камбоджа мен Австралия спортшыларын айқын басымдықпен жеңсе, финалда Египет өкілімен өткен тартысты жекпе-жекте өзінің шеберлігі мен физикалық дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп, алтын медаль иегері атанды. 

– Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметіммен қатар, спортта да осындай жетістікке жетуім – жаттықтырушыларымның, әріптестерімнің, отбасымның және елімнің зор қолдауының нәтижесі. Бұл алтын медаль – тек менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Алдағы уақытта да елімнің абыройын қорғауға бар күш-жігерімді саламын, – деді Аида Хайруллина жеңісінен кейінгі сөзінде. 

Аида Хайруллинаның жеңісі – Қазақстанның спорттағы тағы бір мақтанышы ғана емес, сондай-ақ жауапты қызмет пен спортты қатар алып жүріп, биік белестерге жетуге болатынын дәлелдеген жарқын үлгі. Еліміздің туын көкте желбіретіп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан жеңімпазға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полицей ару #Әлем чемпионы #индонезия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);