ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына қайта үміткер...

Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына қайта үміткер атанды

Мәдениет 18.09.2025, 14:21 471
Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына қайта үміткер атанды
Cурет: El.kz
Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов («Imanbek» лақап атымен танымал) тағы да «Грэмми» музыкалық сыйлығына номинацияланды.

Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов («Imanbek» лақап атымен танымал) тағы да «Грэмми» музыкалық сыйлығына номинацияланды.

Бұл жолы ол аргентиналық әнші Taichu-мен бірігіп жазған композициясымен «Best Latin Electronic Music Performance» (Латын электроникасы бойынша үздік орындау) санатында бақ сынайды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2025 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланған номинанттар тізімінде Иманбектің есімі қайта аталды. Бұл – оның аты аңызға айналған ремиксінен кейінгі кезекті халықаралық жетістігі.

Иманбек 2019 жылы Saint Jhn-ның «Roses» әніне жасаған ремиксімен жаһанға танылған болатын. Сол туындысы үшін ол 2021 жылы «Грэмми» сыйлығын жеңіп алып, аталған марапатқа ие болған тұңғыш қазақстандық ретінде тарихта қалды. Сонымен қатар, ол ТМД мен бұрынғы КСРО елдері арасында «классикалық емес музыка» жанрында марапат алған алғашқы музыкант атанған еді.

Соңғы бес жыл ішінде «Roses» ремиксі YouTube платформасында 367 миллионнан астам қаралым жинап, әлемдік деңгейдегі сәтті жобалардың біріне айналды.

Жаңа номинация жайлы жаңалық тараған соң, әлеуметтік желі қолданушылары Иманбекті қызу қолдап, жылы лебіздерін білдіруде. Тыңдармандар:

«Құттықтаймын, сен бұған әбден лайықсың!»
«Керемет! Әдеттегідей – от!»
«Сен – үздіксің!» – деп пікір қалдыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.