AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ жүргізушілерді алыс сапарларға шықпауға шақыра...

ІІМ жүргізушілерді алыс сапарларға шықпауға шақырады

Әлеумет 17.01.2024, 03:59 1,355
ІІМ жүргізушілерді алыс сапарларға шықпауға шақырады
almaty-akshamy.kz

ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


– Ауа райының бұзылуы, көру мүмкіндігінің нашарлауы, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.


Қыстың басынан бері мыңнан астам рет, оның ішінде қаңтар айында үш жүзден астам рет жолдар жабылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және ұялы телефондарға хабарлама жіберу арқылы халыққа жолдардың нақты учаскелеріндегі жағдай туралы ақпарат жеткізіледі.


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы учаскелерге полиция нарядтары қойылады. Қажет болған жағдайда олар автокөліктерді сүйемелдейді.


Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда патрульдік көлік маяктарды қосып, автокөліктердің алдына түсіп, басқаларға бағдар береді.


Биыл жолдарды жабу барысында 15 мыңнан астам көлік құралдары сүйемелденді, қар үйінділерінен 433 адам, оның ішінде 44 бала және 117 автокөлік эвакуацияланды.


Жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.


Бір жыл ішінде бағынбау тағы қайталанса, он тәулікке дейін қамалады.


Жолдарды жабу кезіндегі талаптарға бағынбағаны үшін жыл басынан бері сегіз құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.


Жүргізуші! Қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолдарға шықпаңыз, қала сыртындағы сапарлардан бас тартыңыз!


Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Жүргізуші #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);