AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / ІІМ ескертеді!

ІІМ ескертеді!

Мұны білген жөн 23.09.2026, 11:07 221
ІІМ ескертеді!

Ішкі істер министрлігі бүгін ата-аналар мен балаларға үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомствоның айтуынша, кейде баланың ойланбай жасаған әрекеті мен ауыр жағдайдың арасы бірнеше секунд қана болуы мүмкін. "Жүгіріп өтіп үлгеремін", "Жай ғана қорқытқым келді", "Ол маған тиісті, сондықтан жауап қайтаруым керек болды" деген сәтте ешкім оның немен аяқталатынын ойлай бермейді.

Алайда көлік бірден тоқтай алмайды. Жанжал да әп-сәтте бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Ал қолға "жай ғана" алынған зат қарапайым кикілжіңді қайғылы жағдайға ұластыруы ықтимал. Кейін сол бір секундты кері қайтарып, басқаша әрекет ету мүмкін болмайды.

"ІІМ еске салады: күш дегеніміз – тәуекелге бару, жауап ретінде соққы беру немесе өзіңнің дұрыс екеніңді дәлелдеу емес. Нағыз күш – дер кезінде тоқтай білу, шегіну, арандатуға ермеу және өз әрекетіңнің салдарын ойлау", – делінген министрліктің үндеуінде.

Ата-аналарға мына жайттарға көңіл бөлу ұсынылады:

  • балалармен осындай жағдайларды жиі талқылау;

  • не істеуге болмайтынын түсіндірумен қатар, оның ықтимал салдарын айту;

  • эмоцияға берілмей тұрып шешім қабылдауға үйрету;

  • баланың кімдермен араласатынын білу, көңіл күйіне қызығушылық таныту және өзімен бірге қандай заттар алып жүретініне назар аудару.

"Егер қандай да бір мәселе туындаса, жағдайды жасырмай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды", – деп толықтырды ведомство өкілдері.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, бірнеше секунд ішінде қабылданған дұрыс шешім денсаулықты, болашақты, тіпті өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Оқу жылы басталар алдында министрлік ата-аналар мен педагогтерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырған еді. Ал сабақ басталғаннан кейін ведомство мектеп оқушылары бейнеленген, желіде тараған кадрларға назар аударды: бір видеода балалар оқу орнының ішінде самокат тепсе, екіншісінде сабақтан қашып жүргені көрінген. Кейін бұл оқиғалардың Қазақстанда болмағаны анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішкі істер министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);