Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ ЕАЭО-дан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге...

ІІМ ЕАЭО-дан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге кірісті

Әлеумет 18.07.2023, 15:44 900
ІІМ ЕАЭО-дан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге кірісті
Сурет: интернеттен

Бұл 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерге қатысты.


Ішкі істер министрлігі Қазақстанға ЕАЭО-дан әкелінген көліктерді уақытша тіркеуге кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ІІМ 17 шілдеден бастап бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған немесе шектеулерге байланысты заңдастырылмаған, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді бес жылға уақытша тіркеуді бастады.


Азаматтарға автокөліктермен туындаған заңды мәселелерді шешу және оларды құқықтық салаға енгізу үшін уақыт беріліп отыр. Уақытша тіркеу үшін көлік құралдарының иелері “уақытша тіркеу” тізіміне автокөліктің VIN-кодын енгізу үшін өтінішпен және растайтын құжаттарымен әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығына жүгінуі қажет.



ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, “Уақытша тіркеу” тізіміне енгізгеннен кейін көлік құралының иесі электронды үкімет порталы арқылы көлікті тіркеуге өтінім береді. Содан кейін 10 минут ішінде автоматты түрде тексеру жүзеге асырылады. Оң нәтиже болған жағдайда көлік иесінің жеке кабинетіне сәтті тексеру туралы және Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне көлік құралын ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.



Тексеру пунктінде криминалист 15 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексереді. Тексеру нәтижелері оң болған кезде көлік иесі электрондық кезек бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкеріне автокөлікті тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін жолданады, ол жерде мемлекеттік нөмір (9 660 тг) мен мемлекеттік тіркеу құжаты (4 313 тг) үшін мемлекеттік баж төлеп, көлік құралын бес жылға тіркеу, сонымен қатар көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны кері әкету туралы міндеттемеге қол қояды.



"Атап өту қажет, тіркеу құжаттарының түпнұсқалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалында уақытша тіркеу мерзімі өткенге дейін сақталады", – деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев.



Тіркеу туралы куәліктің айрықша белгісінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу және иеліктен шығару құқығынсыз деген жазба, тіркеудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ автокөліктің бұрынғы шетелдік иесінің деректері көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #тіркеу #ЕАЭО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.