ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қал...

ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді

Әлеумет 30.11.2021, 05:52 1,079
ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді
blacktyres.ru
ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Қысқы кезеңде жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені қысқы уақыттың өз ережелері мен талаптары бар. Заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.



Себебі қыс мезгілінде автокөліктегі жазғы дөңгелектердің жолға ілінісу сапасы күрт нашарлайды. Соның салдарынан жол төсемдерінің беткі қабаты мұзданған кезде немесе қар түскенде, дөңгелектердің сырғып кету ықтималдығы артады да жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырып жатады. Сондықтан дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру жөнінде талап қойылады.

Полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райында, қар жауған кезде, қауіпті жағдайлар туындағанда, жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдықты барынша төмендету қажеттігін ескертеді.


Жүргізушілер алдымен қауіпсіздікке көз жеткізіп алмай, бір қатардан екінші қатарға кілт сап түзеп немесе басқа да маневрлер жасамауы керек. Көлік құралдары арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы шарт. Қысқы дөңгелектер көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылады. Бұл дөңгелектер қысқы жағдайда көлік жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, көліктегі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.