ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік саласынд...

ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік саласында байқау өтіп жатыр

Алматы 25.06.2025, 17:36 652
ІІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік саласында байқау өтіп жатыр
Алматы ПД
Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясында «Интернет – заң кеңістігі» атты киберқауіпсіздікке бағытталған байқау өтіп жатыр.

Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясында «Интернет – заң кеңістігі» атты киберқауіпсіздікке бағытталған байқау өтіп жатыр.

 Шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру, кибергигиена мәселесіне назар аудару және интернеттегі алдын алу жұмыстарын жандандыру.

Байқауға Академия курсанттары, ерікті жастар мен киберволонтерлер қатысты. Жалпы саны 50-ге жуық қатысушы қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыру ісіне өз үлестерін қосты.

Байқау бес номинацияны қамтиды:

  • «Үздік кибергигиена посты» – ең көп қаралым жинаған креативті ақпараттық жазба;
  • «Үздік бейнеролик» – кең аудиторияға арналған мазмұнды бейнежазба;
  • «Жылдың АнтиФейкі» – мемлекеттік немесе қаржылық құрылымдар атын жамылып жұмыс істейтін жалған аккаунттарды анықтау;
  • «Кибер-көмекші» – онлайн және офлайн форматта белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін (брошюра тарату, баяндама оқу, әлеуметтік желілерде жазба жүргізу және т.б.);
  • «Цифрлық ізішар» – алаяқтық схемаларды талдап, интернеттегі сандық іздер арқылы терең зерттеу жүргізу.

Байқау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама – жастардың құқықтық мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік кешенді саясаттың бір бөлігі.

Ұйымдастырушылар байқау барысында киберволонтерлердің ерекше белсенділік танытқанын атап өтті. Олар полициямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді: фейк аккаунттарды анықтайды, интернет пайдаланушыларға кеңес береді, ақпараттық науқандар мен форумдарға қатысады. Бүгінде олардың цифрлық қауіпсіздікке қосып жатқан үлесі айтарлықтай маңызды.

Сонымен қатар, байқау аясында курсанттар ондаған жалған парақшалар мен алаяқтық сайттарды анықтады. Олардың бірқатары жедел бұғатталды. Бұл – жастардың киберкеңістіктегі нақты нәтижелі жұмысын дәлелдейтін көрсеткіш.

«Цифрлық гигиена – бұл әр азамат үшін қажетті дағдыға айналуы тиіс. Бүгінгі жастардың интернет технологияларын терең меңгеріп қана қоймай, оны қоғам игілігіне пайдаланып отырғанын көру – біз үшін үлкен қуаныш. Мұндай бастамалар саналы, цифрлық сауатты ұрпақты қалыптастырады», – деп атап өтті Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.