AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Хит әндерін естігім келеді»: Энрике Иглесиастың Б...

«Хит әндерін естігім келеді»: Энрике Иглесиастың Бакулық жанкүйері Алматыдағы концертке арнайы келген

Алматы 05.09.2026, 18:51 301
«Хит әндерін естігім келеді»: Энрике Иглесиастың Бакулық жанкүйері Алматыдағы концертке арнайы келген
видео кадры

Алматыдағы Энрике Иглесиастың концертіне Қазақстанның әр өңірінен ғана емес, шетелден де жанкүйерлер жиналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Солардың бірі — Бакуден келген Акил. Ол Қазақстанға арнайы келіп, әншінің Астана мен Алматыдағы екі концертіне де қатысуды жоспарлаған.

«Мен Баку қаласынанмын, қазір Түркияның Анталия қаласынан келдім. Алматыға келгеніме өте қуаныштымын», — деді Акил.

Оның айтуынша, Энрике Иглесиастың концертіне алғаш рет 2011 жылы Мәскеуде барған. Ол кезде мектеп оқушысы болған.

«Ол кезде мектепте оқитынмын. Үлкен аренаға көп адам жиналды. Концерт өте жақсы өтті. Сол кезден қалған видеоларым әлі күнге дейін сақтаулы», — деп бөлісті ол.

Астанадағы концерттен кейін Акил Алматыға пойызбен жол тартқан. Екі қала арасындағы сапарға шамамен 17 сағат кеткен.

«Бүгінгі концертке арнайы пойызбен келдім. Астанадан Алматыға 17 сағатта жеттім. Меніңше, бұл оған тұрарлық», — деді жанкүйер.

Енді ол Алматыдағы кешті асыға күтіп, әншінің ең танымал туындыларын тыңдағысы келеді.

«Энрике Иглесиас өзінің ең танымал әндерін орындайды деп үміттенемін. Концертті хит әндерінен бастағанын қалаймын», — деді Акил.

Бакулық жанкүйер Энрике Иглесиастың концерттеріне 15 жылдан аса уақыт үзбей барып жүрген. Бұл жолы Қазақстанның екі бірдей қаласына келудің сәті түскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);