Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Haval М6 кроссоверіне алдын ала тапсырыс беру баст...

Haval М6 кроссоверіне алдын ала тапсырыс беру басталды

Әлеумет 11.04.2023, 11:47 1,019
Haval М6 кроссоверіне алдын ала тапсырыс беру басталды
Сурет: Астана Моторс

Биыл мамырда қазақстандықтар отбасыға арналған бюджеттік Haval М6 кроссоверін сатып ала алады. Бұл модельді нарықта «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы Haval Motor Kazakhstan ұсынады,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Көлемі орташа отбасыға арналған Haval М6 кроссовері GWM концернінің бестселлері болған Haval H6 моделінің платформасында жасалған. Сондықтан оның белсенді қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі пакетке ие, пассив қауіпсіздігінің де көрсеткіштері жақсы. Былтыр Haval М6 моделіне рестайлинг (стилінің өзгеруі — ред) жасалды, сол себепті қазақстандықтар бірден жаңа нұсқасымен танысады.



Бұл модель біздің нарыққа 143 а.к. бар бензин қозғалтқышымен жеткізіледі, оның көрсеткіші 202 Hm айналдыру моментін береді. Ал қорабының екі түрінің бірін таңдауға болады, олар: алты сатылы механика немесе жеті сатылы робот түрі. Моделі – алдыңғы жетекті аспасы тәуелсіз Макферсон. Haval M6 экологиялық класы Еуро-5 стандарттарына сай келеді.



Haval M6 моделінде электроника көп емес, дегенмен жайлы әрі ыңғайлы. Модельде круиз-контроль және жүргізушіге көлік айдағанда көмектесетін жүйе орнатылған: жүргізушіге өрден түскенде және өрге шыққанда, тежегішті шұғыл басқанда және тоқтап-тоқтап қозғалғанда көмектесетін жүйелер. Сонымен қатар алдыңғы орындықтарының жылытқышы, артқа жүру камерасы мен артқы парктрониктері бар. Оған қоса көлікті кілтсіз ашуға болады.


Haval M6-ны айдау өте ыңғайлы, әсіресе автокөлік нарығын жаппай дижитал етуге үйренбегендер үшін қолайлы: тач-басқарылатын медиажүйе аналог түймелермен және тұтқалармен тамаша үйлеседі.



Haval M6 – отбасыға арналған сенімді, кең әрі қауіпсіз автокөлік. Бағасы да сапасына лайық – базалық жинақтамада 8 990 000 теңгеден басталады, яғни Haval M6 – өз класында және Haval тізбегінде қалта көтеретін автокөлік.



Компания жаңа автокөлікті Haval дилерлік орталықтарында мамыр айында ұсынады, ал 10 сәуірден бастап алдын ала тапсырыс беруге болады.


Айта кетейік, жуырда бұл модель тек отбасыға арналған емес, «үй көлігіне» де айналады. Дәл осы модель «Астана Моторс» компаниясының салынып жатқан мультибренд зауытында өндіріледі, демек, 2025 жылы «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар Haval M6 шығады.


көлік
Фото: Астана Моторс

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Haval М6 #кроссовер #Haval Motor Kazakhstan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді

Кеше 20:38

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

Кеше 19:13

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Кеше 19:04

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Кеше 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Кеше 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі