ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халықаралық тағылымдама-жаңа өзгеріс пен дамудың к...

Халықаралық тағылымдама-жаңа өзгеріс пен дамудың кепілі

Әлеумет 05.05.2025, 15:54 601
Халықаралық тағылымдама-жаңа өзгеріс пен дамудың кепілі
aqshamnews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.

 

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, осы орайда Алматы қаласының білім басқармасы мен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен Алматы электрмеханикалық колледжі арнайы пән оқытушылары мен шеберлері болып 2024 жылдың 19 қазан  21 желтоқсан аралығында шетелдік тағылымдамадан өттік.

 

Тағылымдаманың мақсаты кәсіптік техникалық білім беру саласындағы оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру, білімгерлерге білім беру сапасын жақсарту барысында қажетті материалдар жинақтау, сондай ақ білім беру бағдарламасының білім беру компонентінің бір бөлігін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған. Тағылымдама бағдарламасына семинарлар, экскурсиялар, кәсіпорындарға бару, сондай-ақ Еуропаның техникалық колледждеріне бару кірді.

 

Бұл іс-сапар барысында Венгрия мемлекетінің астанасы Будапешт қаласынан бастадық, бұл қалада Джон фон Нейман Университетінің білім беру жүйесімен және  GAMF(Информатика және инженерия) факультетіне барып ABB робаттарымен таныстық, және Венгрия мемлекетінің Кечкемет ауданында орналасқан күн панельдері арқылы энергия алып отырған кешенге барып, күн панельдері туралы ақпарат алып қайттық,бұдан бөлек Сlass Global HR SU және Linamar атты өндіріс орындарына барып үлкен тәжірбие алдық,  екінші сапарымыз Словения  мемлекетінің Любляна  қаласының Технико-механикалық колледжіне барып ЗД лабараториялар және работтармен жұмыс жасап үйрендік. Колледж өз жетістіктері мен өздерінің білім беру бағдарламаларымен бөлісті.

 

Оқытушы мен шеберлердің құрамының біліктілігін көтеруге бағытталған бұл іс-шара отандық техникалық орта білімді ғылымды дамытуға қатысты жаңа идеялардың қалыптасуына және ой тұжырымдар жасауға негіз болды.

 

Тәжірибе қорытындысы бойынша теориялық білімдерімізді саралап, практикалық дағдыларды меңгередік. Осының барлығы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға ықпал етеді. Еуропа елдерінен тағылымдамадан өтіп, өзімізге білім  саласына керекті өмірлік азық жинақтадық. Алматы қаласының білім басқармасы мен Алматы қаласының әкімдігіне шет елге барып білімімізді шыңдауға мүмкіндік  бергені үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

Өндірістік оқыту шебері

 Налжан Мөлдір Нұрғанатқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.