Рейтинг авторлары елдерді 16 санатқа біріктірілген 34 көрсеткіш бойынша бағалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Америкалық Remitly компаниясы дайындаған Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші орынға ие болды.
82 мемлекетті қамтыған жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 53-ші орынға жайғасып, зерттеуге енген аймақтың басқа елдерінен озып кетті. Салыстыру үшін айтсақ, посткеңестік кеңістіктің басқа мемлекеттері рейтингте елімізден кейін орналасты, олардың позициялары төмендегідей:
Молдова – 56-орын;
Әзірбайжан – 66-орын;
Армения – 74-орын;
Өзбекстан – 75-орын.
Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина зерттеуге енбей қалған.

t.me/toughbuthones
Рейтинг авторлары елдерді 16 санатқа біріктірілген 34 көрсеткіш бойынша бағалады. Олардың қатарында қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, экологиялық жағдай, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімдігі, қоғамдық көліктің дамуы, отбасын қолдау және ірі мигранттар қауымдастықтарының болуы бар.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы – Швейцария.
Remitly компаниясы индексті жасау кезінде тек экономикалық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар өмір сүрудің жалпы сапасы, қауіпсіздік, отбасылар үшін жайлылық және мигранттардың ұзақ мерзімді интеграциялану мүмкіндіктері ескерілгенін атап өтті.
Зерттеуге сәйкес, қазіргі мигранттар үшін өмір сүру сапасы, қауіпсіздік, медициналық қызметтерге қолжетімділік және ұзақ мерзімді болашақ құру мүмкіндіктері негізгі критерийлер болып қала береді. Дәл осы факторлардың жиынтығы бойынша Қазақстан 2026 жылғы рейтингте ТМД-ның ең үздік елі атанды.