ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халықаралық көрмеде Қазақстан аграрлық әлеуетін та...

Халықаралық көрмеде Қазақстан аграрлық әлеуетін танытты

Әлеумет 09.06.2025, 17:34 648
Халықаралық көрмеде Қазақстан аграрлық әлеуетін танытты
Сурет: Gov.kz
3–7 маусым аралығында Минск қаласында «Белагро-2025» атты 35-ші халықаралық мамандандырылған көрме өтті.

3–7 маусым аралығында Минск қаласында «Белагро-2025» атты 35-ші халықаралық мамандандырылған көрме өтті.

Ауыл шаруашылығы, цифрландыру, агротехнологиялар және агроинжиниринг саласындағы озық шешімдер алмасуға арналған бұл маңызды салалық шараға 14 елден 545-тен астам компания мен 200 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстан аталған көрмеге Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «АгроШОС» арнайы экспозициясы аясында қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР АШМ Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Сәуле Жұрынова бастап барды.

Экспозицияда отандық аграрлық өнімдердің 40-қа жуық атауы ұсынылды — күнбағыс және сафлор майы, ет және сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдар мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы тауарлары. Қатысушылар қатарында еліміздің жетекші кәсіпорындары, Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, 35-тен астам сүт өнімін шығаратын Солтүстік Қазақстан облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Зенченко и К» КТ, май, қаймақ, ірімшік өндіретін «Eurasian Milk» компаниясы, шошқа өсіру және ет өнімдерін Lecker брендімен өндіретін «EMC Agro» ЖШС, ТМД және Орталық Азия елдеріне ұн мен макарон өнімдерін экспорттаушы «Сұлтан-ЭММК» АҚ, жоғары протеинді мал азығы қоспаларын шығаратын «СК Протеин» ЖШС, толық циклді ет өңдеу кәсіпорны «Казмясопродукт» ЖШС және басқа да компаниялар болды.

Көрме барысында қазақстандық өнімдер жоғары бағаланып, бұл еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетті. ҚР АШМ белсенді қатысқаны және агросаладағы жетістіктері үшін көрменің алтын медалімен марапатталды.

Іс-шара аясында «АгроШОС» форумы өтті, оның тақырыбы — «ШЫҰ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Онда делегация мүшелері еліміздің өңірлік азық-түлік тұрақтылығына қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

Беларусь Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерімен екіжақты кездесулер барысында сүт-тауарлы фермалар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу сынды бірлескен жобалар талқыланды.

«Белагро-2025» көрмесіне қатысу қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа ілгерілету, жаңа іскерлік байланыстар орнату және АӨК-тің экспорттық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Көрме Қазақстанның аграрлық бастамаларына халықаралық қоғамдастықтың жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.