Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Халық күткен Республика күнінде Салют емес, газ б...

«Халық күткен Республика күнінде Салют емес, газ баллоны атылды...»

Әлеумет 31.10.2023, 09:02 1,095
«Халық күткен Республика күнінде Салют емес, газ баллоны атылды...»
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Айшолпан Тлеутай Аягөздегі 4 баланың өлімі жайлы жыр жазып жұртты жылатты.


Бұдан бұрын Қарағандыдағы шахта апатына байланысты азалы жырлар топтамасын  жариялағанбыз.


Айтыскер ақын бұл жыр жолдарын әлеуметтік желіде халықпен бөлісті.



Аягөзім, мақтан етем атыңды


Перзентің боп толтырып ем сапыңды.


Кеше бірақ сенде болған сұм жағдай


Жанымызға тырнақтарын батырды.


Халық күткен Республика күнінде


Салют емес, газ баллоны атылды.


Тауларың да үнсіз қалды айбынды


Өзенің де жылап жатыр айдынды.


Азық іздеп, күнін көрген ата-ана


Бір-ақ сәтте төрт баладан айрылды.


Кім жазады жүрегіңнің жарасын?!


Кім кетірер қара бұлттай қайғыңды?!


Сүйінші емес, хабар келсе қаралы


Құса мұңға толған жаның жаралы.


Жағдай жасап, көмек берсе үкімет


Ата-анасы қалдырар ма баланы?!


Әлеуметтік көмегінен айырып


Кімдер екен жұмыс істеткен ананы?!


Ей, әкімдік, қандай ауыр уақиға


Сау басыңа тілеп алдың сақина.


Сәбилерден үнемдеген қаражат


Төрт баланың тағдырына тати ма?!


Ата-ананы жұбатарсың не сөзбен


Балаларын аттандырған бақиға?!


Өз халқыңның біле алмасаң қадірін


Болашақтың шапқаның ғой тамырын.


Көңіл айтам Әке менен Анаға


Сынақтардың көріп жатқан ауырын.


Үміт күткен ұрпағымен бір күні


Жәннат бақта жолықтырсын Тәңірім!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жыр #Аягөз #бала #Айшолпан #айтыскер #ақын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.