AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Халық денсаулығына қауіпті болуы мүмкін 2 тоннадан...

Халық денсаулығына қауіпті болуы мүмкін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды

Медицина 19.11.2024, 15:20 780 dulatbekova
Халық денсаулығына қауіпті болуы мүмкін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

ДСМ өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуде.

5 мың сынама өнімді бақылау сатып алу және жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы ЕАЭО бірыңғай санитариялық талаптарына және техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Республика аумағында таратылатын өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген сараптама нәтижесінде 439 жедел ден қою шарасы қабылданды, халықтың денсаулығына ықтимал қатер төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

Сондай-ақ, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл кезінде 2023 жылы сүт өнімдерінің, құс етінің және парфюмерлік-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның қолданылуы тоқтатылды және күші жойылды.

Уыттылық деңгейін, зиянды заттардың құрамын, микробиологиялық және басқа да сипаттамаларды анықтайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханасында жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған заңнама аясында жұмысын жалғастыруда және нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДСМ #өнімдер #денсаулыққа қауіпті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);