Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Халал» таңбасы тек қағаз бетінде ғана ма?

«Халал» таңбасы тек қағаз бетінде ғана ма?

Әлеумет 03.10.2023, 10:28 1,029
«Халал» таңбасы тек қағаз бетінде ғана ма?
Сурет: Самат Құсайынов

Дүкен сөрелерінен сатып алып жүрген асымыздың халал, әлде харам екенін анықтау үшін жыл сайын 30 мыңнан астам өнімнің сынамасы алынып, зерттеуден өткізіледі. Нәтижесінде соның 12-15%-і қауіпсіздік талаптары сақталмаған болып шығады. Көбі таңбалауға қойылатын талаптарға сай емес. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі.


Ведомство 2015 жылдан бері өнімдердің техникалық талаптарына сәйкестігін бақылайды. Алайда, азық-түлік құрамына қатысты сынамалар биыл жүргізілмеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 



«Халал өнімдеріне талаптар қойылмайды техникалық регламенттерде. Бірақ біз осы бақылау өткізгенде таңбалау. Нормаларына сәйкес болмаса. Бұндай бұзушылықтар олар фальсификацияға жатады және тұтынушыларды алдау. Осындай зерттеулерді жыл сайын бір мыңнан астам сынама алынады. Оның ішінде 7-8% сәйкес келмейді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова. 



Қазақстанда 4 мыңға жуық өндірушінің "Халал" сертификаты бар. Өнімнің сапасы оның құрамына байланысты. Көбіне шикізатты үнемдеу үшін өндіруші шұжыққа қосатын етті басқа қоспамен алмастыра алады. Сорақысы сол, цех шұжықтың толық құрамын көрсетпеуге құқылы. Нәтижесінде тұтынушы алатын тауар жапсырмада көрсетілген сипатқа сәйкес келмейді дейді сарапшылар.



«Халал және халал емес өнімдерді қатар шығаратын кәсіпорындар бар. Сондай өндірісте құрал-жабдықтар дұрыс тазаланбаса, өнім ластанады. Екіншіден шошқа элементтері бар қоспаны пайдаланатындар бар. Мысалы, шұжық жасағанда жануарлар ақуызын жиі қосады. Ол Қазақстанда жоқ.  Негізінен импортталады. Ақ ұнтақ тәрізді қоспаны шұжықтың құрылымын жақсарту үшін қолданады. Шетелден әкелінген ақуыз «Халал» деп таңбаланса да,  құрамында да шошқа болуы ықтимал. Ал тұтынушы оны байқамайды. Бұл өндірісте экономикалық тұрғыдан да тиімді болуы мүмкін», - дейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Қадыржан Мақанғали.



Осы кәсіппен айналысатындарды аккредиттеу де өзекті мәселелердің бірі. «Халал» сертификаттарын мемлекеттік органдар бермейді. Бұл ретте кәсіпорындар өз өнімін өндіріп, сертификаттай алады.   



«Пісірілген шұжықтарда жалпы жіктеуіштер деген стандарт» бар. Сол стандарт бойынша, қандай өнімдер қосылады. Қандай өнімдер қосылмайды соны біз жасадық. Екінші қызмет көрсету органдарына СТРК «туристік экскурсиялы классификатор» деген стандарт жасадық. Бұрын соттасуға мүмкін емес еді. Ал мына стандартардың базасында, оны жасамағандарды сот органы қарай алатын болды. Ал енді келесі ступень, аккредитация өтетін болса, олар түгел мемлекеттің бақылауында. Жұмыстың бәрі дұрыс жүріп, сол Үкімет белгілеген стандарттың аясында жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Пока ол мәселе жоқ. сондықтан үкімет әлі оны түбегейлі тексеріп, қарай алмайды. Өкінішке қарай», - дейді  «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.



Зертханалық бақылаудың биыл жүргізілмеуіне бірден бір себеп - заңнамалық өзгерістер. Мәжілісте Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізу қаралып жатыр. Онда сатып алуларға қойылатын талаптарды күшейту көзделген. Тиісті құжаттар қабылданғаннан кейін азық-түлік сынамалары тұрақты түрде жасалады деді Денсаулық сақтау министрлігі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халал #харам #таңба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.