ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / GTA-дағыдай: Алматыда кроссовер мінген шетелдік өз...

GTA-дағыдай: Алматыда кроссовер мінген шетелдік өзге көлікті жаншып, полициядан қашып кеткен

Алматы 27.01.2026, 14:54 145
GTA-дағыдай: Алматыда кроссовер мінген шетелдік өзге көлікті жаншып, полициядан қашып кеткен
Сурет: Polisia.kz
Алматыда Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікті соғып, кейін полициядан қашуға әрекеттенген, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Haval көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікті соғып, кейін полициядан қашуға әрекеттенген, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоны Алматы қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады. Ведомство мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда сағат 23:06 шамасында Тимирязев көшесінде болған. Түнгі тыныштықты күзету барысында полиция қызметкерлері бордюрге соғылған Haval көлігін байқап, тоқтату туралы заңды талап қойғанымен, жүргізуші бағынбай, қозғалысын жалғастырып кеткен.

Қуғын кезінде Жароков пен Өтепов көшелерінің қиылысында аталған көлік басқа автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін де жүргізуші оқиға орнынан кетпек болғанымен, полицейлер оны ұстап үлгерген. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталған.

Полицияның хабарлауынша, жүргізуші — шетел азаматы. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделген: мас күйінде көлік басқару, полиция талабына бағынбау және жол-көлік оқиғасын жасау.

Әкімшілік сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция департаменті мас күйінде көлік жүргізу мен құқық қорғаудан қашу әрекеттері жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.