Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Гранттар мен жеңілдікті несиелеу: Алматы кәсіпкерл...

Гранттар мен жеңілдікті несиелеу: Алматы кәсіпкерлеріне қандай қолдау шаралары бар?

Әлеумет 08.09.2023, 07:59 1,006
Гранттар мен жеңілдікті несиелеу: Алматы кәсіпкерлеріне қандай қолдау шаралары бар?
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Сағындық Кенжебаев мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары туралы айтып берді.


Спикердің мәліметінше, бүгінде мемлекеттік гранттарды 188 үміткер иеленді. 11 қыркүйектен бастап ағымдағы жылдың соңғы 3-ші ағынына өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Барлығы 375 адам грант алады деп болжануда. Өткен жылдардағы көрсеткіштер келесідей: 2022 ж. - 1570, 2021 ж. - 1298 адам.



«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін (1 380 000 теңге) мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға (АӘК және көп балалы болу бойынша жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған мүгедек адамдар) өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады С. Кенжебаев.



Сонымен қатар, жыл басынан бері 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды. Қарыз жылдық 2,5% - бен 5 жылға дейінгі мерзімге 5 млн теңгеге дейінгі сомаға беріледі. 


Бұл ретте кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде республиканың бүкіл аумағы бойынша жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.


Осылайша, бүгінде 79 жоба мақұлданды, оның 44-і қаржыландырылды. Өтінімдерді қабылдауды «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының Сәтбаев көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан қалалық филиалы жүзеге асырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гранттар #жеңілдікті несие #қолдау шаралары #кәсіпкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.