ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Гонконг тұмауы Алматыға да жетті: дәрігерлер кеңес...

Гонконг тұмауы Алматыға да жетті: дәрігерлер кеңес берді

Әлеумет 18.11.2025, 09:47 454
Гонконг тұмауы Алматыға да жетті: дәрігерлер кеңес берді
depositphotos.com
Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті. Екі өңірді қосқанда, жалпы саны 32 науқас вирустың осы түрін жұқтырған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Гонконг тұмауы Абай облысы мен Алматыға да жетті. Екі өңірді қосқанда, жалпы саны 32 науқас вирустың осы түрін жұқтырған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап. 

Науқастардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді. Ал дәрігерлер дерттен сақтану үшін екпе салдырған жөн дейді.

"Тұмаудың алдын алу шарасы - вакцинация. Ең бірінші кезекте осал топтағы адамдар екпе салдыру керек. Оларға арнап жергілікті бюджеттен 60 мың доза сатып алынды. Бүгінде облысымыздың 10 пайызға жуық тұрғыны осы тұмауға қарсы екпе алды", - дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнұр Серікбаева.

Елімізде риновирус, парагрипп және коронавирусқа шалдыққандарға қатысты статистика да мәз емес. Мәселен, Алматыда вирус жұқтырғандар былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Яғни 23 мыңға жуық тұрғын тұмаумен тіркелген. Оның жартысынан көбі - балалар.

Ал Гонконг тұмауымен ауырып жүргендердің қатарында жүкті әйел көп. Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты ақ халаттылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.

Эпидемиология маусымы кезінде өзін өзі қорғау үшін көпшілік орындарға барған кезде бетперде кию ұсынылады. Көпшілік баратын орындарға көп бармауға тырысыңыз. Балалар болмаса, өзі ауыра бастаған кезде, ең бірінші кезде үйде болатын режимді сақтау керек. Өйткені ол ауырып тұрып, көшеге шығатын болса, көпшілік орындарға баратын болса, өзі ауырғанымен қатар басқа да жұқтыруы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.