AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Германияның «Handelsblatt» басылымы Тоқаевтың мақа...

Германияның «Handelsblatt» басылымы Тоқаевтың мақаласын жариялады

Саясат 29.09.2026, 12:33 179
Германияның «Handelsblatt» басылымы Тоқаевтың мақаласын жариялады
akorda.kz

Қазақстанда германиялық капиталдың үлесі бар мыңнан астам кәсіпорын тіркелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін «Handelsblatt» іскерлік басылымында жарияланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз" атты мақаласын оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинге қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын өндіріс тізбегін бірге қалыптастыруды ұсынады.

Саясатта да, экономикада да сенім – капитал, ал сенімділік оның ең жоғарғы формасы саналады. Халықаралық дүрбелең белең алған кезеңде дәл осындай сипаттағы қарым-қатынастың құндылығы арта түсті.

Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Германия өзара сенімнің берік іргесін қалап, арқауы мықты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алды. Сындарлы саяси диалог, уағдаластықтарды дәйекті түрде жүзеге асыру және нақты нәтижені көздеу өзара қарым-қатынасымыздың ерекшелігін көрсетеді.

Қазақстан үшін Германия жай ғана басты сауда серіктесі әрі ірі инвестор емес. Біздің экономикалық мүдделеріміз ұқсас әрі екі мемлекет те халықаралық құқықтың сақталуына әрқашан бейіл.

Бүгінде өзара ықпалдастығымыз екіжақты күн тәртібімен шектелмейді. Біз Азия мен Еуропа арасындағы маңызды дәнекер рөлін атқарып, тұтас Еуразия кеңістігіндегі экономикалық орнықтылықты, энергетикалық қауіпсіздікті және көлік қатынастарын нығайтуға елеулі үлес қосып келеміз.

Халықтар арасындағы тығыз байланыс ынтымақтастықтың берік ұстыны іспеттес. Қазіргі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам этникалық неміс өмір сүреді, ал Германияда елімізде туып-өскен миллионнан аса азамат тұрады. Ортақ тарихи жадымыз және мәдени дәстүрлеріміз қос халықтың арасын жақындата түседі.

Дәл осы берік тұғыр келешекке сеніммен көз тігуге мүмкіндік берері сөзсіз.

Сондықтан Германияға бұл жолғы сапарымды, ең алдымен, стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басатын, жаңа өсім бағыттарын айқындайтын және бірлескен жұмысқа тың серпін беретін мүмкіндік ретінде қарастырамын.

Бұған қажетті алғышарттардың бәрі бар. 2025 жылы өзара сауда-саттық көлемі 9 миллиард долларға жуықтады (7,9 миллиард еуро). Қазақстанда германиялық капиталдың үлесі бар мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Осы ретте Қазақстан экспортын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға айтарлықтай әлеует барын айтқым келеді.

Біз Германия нарығына 80-нен астам дайын өнім түрін жеткізе аламыз.

Металлургия, мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі және темір жол машинасын жасау салаларында мол мүмкіндік бар. Осы орайда аса маңызды минералдар саласында да күш-жігер біріктіру өте өзекті көрінеді.

Бұл ынтымақтастықтың нақты нәтижесі Алматыдан да көрінеді. Бүгінде қалада германиялық капитал қатысатын кәсіпорындар жұмыс істеп, сауда, өндіріс, логистика, технология және қызмет көрсету салаларындағы байланысты нығайтып келеді. Алматы – Қазақстанның ірі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде неміс компаниялары үшін де маңызды нарықтардың бірі. Ал алматылық кәсіпкерлер үшін Германиямен әріптестік жаңа технологияларды енгізуге, өндірісті жаңғыртуға және өнімді Еуропа нарығына шығаруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);