AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді

Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді

Әлеумет 19.12.2025, 11:40 698 dulatbekova
Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді
Сурет: Gov.kz

Тәуелсіздік күніне орай Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосқанын жариялады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл – ең озық саналатын ЖИ-моделінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді.

Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазірдің өзінде веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ, Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.

Gemini-дің қазақ тіліндегі нұсқасының іске қосылуы Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмысының бір бөлігі. Бұл жұмыс кадрларды даярлауға инвестиция салуды, цифрлық дағдыларды дамытуды және әзірлеушілерді қолдауды қамтиды. Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу экономикалық жағынан да тиімді. Себебі ол мемлекеттік басқару өнімділігінің артуы және бюджет жүйесінде тұрақтылықтың күшеюіне септігін тигізеді, әрі елдің экономикалық өсіміне қосымша үлес қосады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы цифрлық мемлекетті дамыту, азаматтар үшін технологиялардың қолжетімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті AI-экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Министрлік жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық өнімдерді локализациялау және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық технологиялық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Gemini #Жасанды интеллект #қазақ тілінде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);