конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / GE Healthcare алаңдарында 6 мың қазақстандық маман...

GE Healthcare алаңдарында 6 мың қазақстандық маман оқытылды

Экономика 01.11.2024, 11:30 952
GE Healthcare алаңдарында 6 мың қазақстандық маман оқытылды
primeminister.kz

Олжас Бектенов пен GE HealthCare басшылығы елімізде медициналық жабдықтар өндірісін құру жобасының орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында GE HealthCare компаниясының Таяу Шығыс, Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік Африка, Түркия, Ресей және ТМД елдеріндегі президенті Костас Делигианниспен кездесу өткізді. Тараптар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойылған, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға және Қазақстанда жергілікті өндірістік мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған Негіздемелік келісімнің іске асырылу барысын талқылады.

GE HealthCare – медициналық құрылғылар, диагностикалық фармацевтикалық препараттар, сондай-ақ цифрлық шешімдер мен деректерді талдау жүйелерін шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі.

Кездесуде қатысушылар Қазақстанда медициналық диагностикалық құрал-жабдықтар өндірісін локализациялау және клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық мұрағатын құру жоспарларын талқылады. Алғашқы бағыт бойынша ультрадыбыстық диагностика аппараттары мен өнімділігі жоғары компьютерлік томографтардың жаңа үлгілерін локализациялау көзделген. Медициналық бейнелердің орталықтандырылған мұрағаты пациенттердің деректерін қауіпсіз сақтап, Бірыңғай цифрлық денсаулық сақтау кеңістігін құруға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов Үкіметтің басым бағыттарының бірі – қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған сапалы әрі қолжетімді, заманауи медициналық инфрақұрылым құру екенін атап өтті. Денсаулық сақтау саласында цифрлық шешімдер енгізу, ауруханаларды жаңғырту мен сапалы жабдықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау маңыздылығы атап өтілді.

Өз кезегінде Костас Делигианнис компанияның Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту жоспарлары туралы баяндап, еліміздің медициналық мекемелерінде 3 мыңнан астам GE Healthcare жабдығы пайдаланылып жатқанын жеткізді. Мемлекеттік онкологиялық бағдарлама аясында өңірлерде жүзден астам маммограф орнатылған, ал GE Healthcare алаңдарында 6 мың қазақстандық маман оқытылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #GE HealthCare #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);