AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзі...

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Білім және ғылым 28.06.2026, 10:02 469
Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Қазір әлеуметтік желінің, цифрлық платформаның дәуірі. Ал мерзімдік басылымдардың жағдайы қалай? Жалпы, газет-журнал керек пе? Осы сауалды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенге қойған едік.

– Барлық ақпаратты сайт пен желіге жүктеп, содан оқыту мүмкін емес. Сондықтан қағаз нұсқасы міндетті түрде керек. Бізге келушілердің ең көп сұрайтыны да – газет-журнал. Ол ең алдымен күнделікті саяси, мәдени, экономикалық ақпараттан бөлек тың тақырыптар, ғылыми-зерттеу мақалаларымен, ерекше сұхбаттарымен құнды. Біз әлі де газет-журналдан нақты дереккөз берілген, сауатты, сапалы дүние күтеміз және табамыз. Сонысымен бағалы. Және рөлі жоғары.

Газет-журналдың қоғамдағы орны одан сайын биіктей түсуі үшін тың тақырыптарға ғылыми талдаулар жүргізілген мақалалар оқығымыз келеді. Біз қазір қалың кітаптың, ақпараттың ортасындамыз. Бірақ шалғайдағы оқырманды да ұмытпауымыз керек.

Әр газеттің ерекшелігі болса. Мысалы, "Нью-Йорк Таймс" жыл сайын жылдың үздік кітаптарының нәтижесін жариялайды. Ол тізімге ену де абырой. Тізім екі жүз елуге дейін барады. Оқырман сол тізімнен оқитынын таңдайды. Осы газеттің шолушысы, әдеби сыншы Митико Какутани "Экслибрис" кітабын шығарды, жүзге жуық шығармаға шолу жасаған. Күнделікті жоспарлы дүниеден бөлек осындай тың дүниелер көбейсе. Бізде де жоқ емес. Дейтұрғанмен.

Мысалы, "Айқыннан" бір ерекше маманмен сұхбаттар, зерттеу мақалалар оқимын. "Ана тілінің" айдарлары да тұшымды. Ол газетпен "Сирек кітаптар", "Ұрпақ оқымаған кітап" сынды ерекше құнды бірлескен рубрикаларымыз бар. "Егеменнен" өнер туралы, өнер туындылары жайлы, кейде қысқа бір философиялық мақалалар оқимын.

Ал Алматының күллі дүниесін қамтитын "Алматы ақшамы" газеті классикаға айналды десек артық емес. Саясат, экономикадан бөлек, "Ұлттық құндылық", "Кәсіп", "Тілші талдауы" айдарлары қызық. Біз мән бере бермейтін дүниелерді табасың.

Газеттің әлеуметтік желіден ерекшелігі осы және ол сақталуы керек. Сондықтан газет-журнал шығару үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс.

Былтыр біздің кітапханаға келушілер тарапынан миллионнан астам газет-журнал сұралған болса, биылғы жарты жылдықта 444 283 газет, 91739 журнал сұралған.

Журналист қауымды бүгінгі төл мерекесімен құттықтап, оқырмандары көп болсын деген тілегімді де жеткізгім келеді. Баспасөздің абыройы әманда биік болғай!

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);