ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Ғалымдар Қазақстанда карантинді толықтай жою үшін...

Ғалымдар Қазақстанда карантинді толықтай жою үшін не істеу керектігін айтты

Медицина 26.02.2022, 14:03 1,664
Ғалымдар Қазақстанда карантинді толықтай жою үшін не істеу керектігін айтты
Cурет: kaz.kazlenta.kz
Қазақстан халқының жартысына жуығы әлі де қорғалмаған

Қазақстан халқының жартысына жуығы әлі де қорғалмаған


Еуропаның кейбір елдері мен көршілес Өзбекстан да COVID-19-ға байланысты карантиндік шектеулерден бас тартуда. Қазақстанда бұл мүмкін бе? Бұл сауалға қатысты ғалымдар өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ғылыми-техникалық ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда карантиндік шектеулерді толығымен алып тастау қаншалықты орынды деген сұраққа жауап беруге тырысып көрді.
Ғалымдар коронавирустың таралу ерекшеліктерін зерделей келе, оны емдеу жолдары бойынша мамандарға ұсыныстар жасаған. Бағдарлама 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылып келеді.


Қазақстан аумағында таралған COVID-19-дың эпидемиологиялық зерттеуі көбіне осы аурудың 40 пайызы симптомы білінбейтін түрге жататынын көрсетті.


Сонымен қатар, COVID-19-дың ауыр жүруі мен өлімге әкеліп соқтыру жағдайлары науқастың жасына және қосалқы жүретін аурулардың болуына тікелей байланысты болып келеді.


Сондай-ақ балалар арасында COVID-19 эпидемиологиясын зерттеу нәтижелері де жарияланды, ондағы деректер бойынша Қазақстанда балаларда COVID-19 жұқтыру жағдайларының көпшілігі симптомы білінбейтінге немесе белгілері орташа деңгейде болғаны атап өтіледі.


Осы жағдайларды есепке ала отырып, ғалымдар: "Шектеулерді алып тастау керек пе" деген маңызды сұраққа жауап беруі керек болады. Мамандар Қазақстанның үш ірі қаласында SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелердің таралуын зерттеді.


Алынған нәтижелер серопреваленттіліктің ақылға қонымды деңгейіне қарамастан, елімізде ұжымдық иммунитеттің базалық деңгейі әлі игерілмей жатқанын көрсетеді. Аурудың асимптоматикалық немесе субклиникалық түрлерінің таралуын бағалау көрсеткіші 64-тен 81%-ға дейін өзгерді.


Осылайша, Қазақстан халқының жартысына жуығы әлі де қорғалмағанын ескере отырып, халықты SARS-CoV-2 берілуінен қорғау үшін әлеуметтік қашықтық, медициналық бетпердені пайдалану және вакциналау сияқты профилактикалық стратегиялардың маңыздылығы өз күшінде қала береді, деді ҚазҰМУ ғалымдары.


Сондай-ақ зерттеулер аясында вакциналау кезінде әлеуметтік топтарға басымдық беру бойынша ұсыныстар ұсынылды.


Мысалы, ғалымдар жоспарлы отаға мұқтаж науқастарға жалпы халыққа қарағанда басымдық беруді ұсынады. Яғни, оларды бірінші кезекте вакциналау өзекті.


Сонымен қатар COVID-19-дан емделген науқастарды, оған қарайтын қамқоршылары мен туыстарын инфекциядан қорғанысын арттыру ұсынылады.
Сонымен бірге ғалымдар жекелеген науқастар үшін хирургиялық қызметтердің кең спектрін қалпына келтіру қауіпсіз болады деген қорытындыға келді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.