AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Forbes-қа енген ең бай қазақстандықтар кімдер?

Forbes-қа енген ең бай қазақстандықтар кімдер?

Әлем 05.04.2023, 14:55 1,643
Forbes-қа енген ең бай қазақстандықтар кімдер?
Сурет: Egemen.kz

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады.


Аталмыш тізімге Қазақстанның алты азаматы кірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандық - Владимир Ким. Ол - KAZ Minerals компаниясының президенті. Кәсіпкер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің мажоритарлық иесі болып саналады.


Forbes оның байлығын 4,6 миллиард долларға бағалаған. Forbes real-time жаһандық рейтингінде бизнесмен 591-ші орында тұр.

Рейтинг бойынша 636-шы орында тұрған Тимур мен Динара Құлыбаевтардың әрқайсының активтері 4,3 миллиард долларды құрайды.


Тимур Құлыбаев сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниясының үлесіне ие. Ол - Joint Resources АҚ-ның жалғыз иесі. Құлыбаев «Кипрос» ЖШС-нің негізгі иесі, бұдан басқа Mercury Properties ЖШС акцияларының бақылау пакетіне ие.


Ол сондай-ақ өзінің зайыбы Динара Құлыбаевамен тең дәрежеде «Фирма Алмэкс Плюс» ЖШС мен «Алмэкс» холдингтер тобына иелік етеді. Halyk Bank-те Құлыбаевтар 69,52 пайызыға тең құқылы. Ал Динара Құлыбаеваның өзі Нұрсұлтан Назарбаев Білім қорының жалғыз құрылтайшысы.


Тізімде Kaspi.kz сайтының акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким де бар. Оның байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланады. Осылайша, Вячеслав Ким Forbes-тың 787-ші орнына тұрақтады.


Ең бай қазақстандықтардың қатарында Тимур Турлов та бар. Ол Forbes real-time жаһандық рейтингінде 3,1 миллиард доллар байлығымен 949-шы орынға табан тіреді.


Ең бай қазақстандықтардың тізімін рейтингтің 1104-ші қатарында тұрған Болат Өтемұратов аяқтады. Журнал оның байлығын 2,7 миллиард долларға бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Байлар #рейтинг #форбс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);