ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі б...

Фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жылда 17%-ға өсті

Медицина 13.04.2022, 09:45 1,923
Фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жылда 17%-ға өсті
Сурет: Anadolu Agency
Бұл саладағы бөлшек сауда бағасының жылдық өсімі 6%-ға артқан.

Бұл саладағы бөлшек сауда бағасының жылдық өсімі 6%-ға артқан.


Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде 28,6 млрд теңгенің фармацевтикалық өнімдері өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Өңірлік тұрғыдан алғанда ең көп өнім көлемі Алматы облысына тиесілі: 9,8 млрд теңге, яғни жылына 83,1% артық. Үздік үштікке сондай-ақ Шымкент (9,1 млрд. теңге) және Алматы (3,4 млрд. теңге) қалалары кірді.


Анықтама үшін: жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында фармацевтикалық өнімдерді өндіру көлемі 198,7 млрд теңгеге жетті.



Тікелей, ағымдағы жылдың алғашқы екі айында дәрілік заттардың шығарылуы 24,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,7%-ға артық. 3,3 млрд теңгеге басқа да фармацевтикалық өнімдер өндірілді.


Сарысу және иммундық вакцина өндірісі 11,4%-ға, яғни 48,2 тоннаға дейін төмендеді. Жабысқақ таңғыштар, кетгут және соған ұқсас материалдар, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишалары (49,8%-ға, 34 тоннаға дейін), диагностикалық реагенттер және басқа да фармацевтикалық препараттар (38,6 есеге, 133,2 тоннаға дейін) ұлғайды.



Өндірістің өсуі аясында сектордағы импорт азайып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша елімізге 64,4 миллион АҚШ долларын құрайтын 1,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Кему көрсеткіші 40%-ды, ақшалай түрде 84,8%-ды құрады.


ТМД елдерінен 8,4 млн долларға 567,4 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда елімізге жеткізілетін импорттың негізгі көлемі Ресейге тиесілі: 421,1 тонна – бір жыл бұрынғыдан 72,1%-ға аз. Үздік үштікке Өзбекстан мен Беларусь кірді.


ТМД-ға кірмейтін елдерден Қазақстан 56 миллион долларға 1,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда Қытай Қазақстан Республикасы үшін негізгі жеткізуші болыып отыр: 263,4 тонна дәрі-дәрмек, бұл бір жыл бұрынғыдан 48,3%-ға аз. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.



Ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында фармацевтикалық өнімдердің бөлшек сауда бағасы бір айда 1,7%-ға, жыл басынан бері 3,7%-ға және бір жылда 5,8%-ға өсті.


Жылдық динамика бойынша баға қымбатшылығы Шымкент (плюс 12,1%), Ақмола (плюс 10%) және Алматы (плюс 9,3%) облыстарының тұрғындарының қалтасына түсті. Ең аз баға өсімі Павлодар облысында тіркелді – мұнда жылына небәрі 2,9%-ға ғана қымбаттаған.


Фармацевтикалық өнімдердің ішінде жыл сайынғы динамика бойынша Хилак Форте (плюс 47,9%), ацикловир (плюс 18,1%), этил спирті (плюс 13,6%), «Бронхикум-С» жөтел шәрбаты (плюс 10%), «Ренни» (плюс 10%), «Эссенциале форте Н» (плюс 9,8%) сияқты препараттардың бағасы қатты қымбаттағаны байқалды. Сонымен қатар Нурофен, Парацетамол, Фенистил Нью тамшылары, Энап, Азитромицин, Смекта ұнтағының бағасы арзандады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.