ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Еуропадағы 46 ел Қазақстанға құқықтық көмек көрсет...

Еуропадағы 46 ел Қазақстанға құқықтық көмек көрсету және активтерді қайтару мүмкіндігін ашпақ

Билік 23.06.2025, 17:19 869
Еуропадағы 46 ел Қазақстанға құқықтық көмек көрсету және активтерді қайтару мүмкіндігін ашпақ
Сурет: Gov.kz
18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына...

18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 
 

Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, бұл көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақстанды қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әрбір еуропалық мемлекетпен жеке екіжақты шарттар жасасу қажеттілігінен босатады.

Айта кетейік, Қазақстан осы Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қадамдар жасап келеді, алайда бұрынғы өтінімдер Еуропа Кеңесіне мүше кейбір мемлекеттердің қарсылықтарына байланысты үнемі қабылданбаған.

Мұндай шақыртуды алу - Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.