конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында респ...

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында республикалық IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Спорт Бүгін 09:41 52
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында республикалық IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Pixabay.com

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің президенті Сәуле Шакуова қатысып, спортшыларды Спартакиаданың ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тек 2025 жылы Астана, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларында төрт инклюзивті спорт орталығы пайдалануға берілді. Жасалып жатқан осындай жүйелі жұмыстар спортшыларымыздың кәсіби тұрғыда дамуына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.Соның жарқын дәлелі – 2025 жылы Жапонияда өткен Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медаль жеңіп алуы.
Осындай жетістіктермен қатар, елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың қатары да жыл санап артып келеді. Биылғы Спартакиадаға еліміздің 19 өңірінен 1500-ден астам спортшының қатысуы – соның айқын көрінісі. Осы Спартакиадада жаңа есімдер танылып, биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтататын мықты спортшылар шығатынына сенімдімін», – деді Нұрлан Есембаев.


Айта кетейік, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір рет өтетін Спартакиада биыл еліміздің үш өңірінде 10 спорт түрі бойынша ұйымдастырылып, 274 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Атап айтқанда, 10–12 тамыз аралығында Алматы қаласында сурдо жеңіл атлетикадан, 10–15 тамыз аралығында Алматы облысында сурдо жүзуден жарыстар өтті. Ал 17–25 тамыз аралығында Орал қаласында шахмат, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таеквондо, футбол, еркін және грек-рим күресінен жарыстар өтеді.

Спартакиаданың басты мақсаты – есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ үздік спортшыларды анықтап, ұлттық құрама команда қатарына іріктеу.

Спартакиада 25 тамызға дейін жалғасады.

Ақпарат үшін:
Қазақстанда есту қабілеті зақымданған спортшыларға арналған алғашқы Спартакиада 2014 жылы 5 спорт түрінен өтті. Оған 400спортшы қатысты. Содан бері Спартакиада тұрақты түрде төрт жылда бір рет
ұйымдастырылады: I Спартакиада (2014 ж.Алматы қ) — 400 қатысушы, 5 спорт түрі.
ІІ Спартакиада (2018 ж.Ақтөбе қ) — 1000-жуық қатысушы, 11 спорт
түрі.
ІІI Спартакиада (2022 ж.Шымкент қ) — 800-ден астам қатысушы, 11 спорт
түрі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спартакиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Барлық білім беру нысандары қауіпсіздік талаптары бойынша тексерілді – ҚР ІІМ

Бүгін 10:29

Паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдеуге болады

Бүгін 10:10

Қазақстанның жоғары оқу орындары еңбек нарығымен өзара байланысты күшейтуде

Бүгін 10:05

Президент тапсырмасымен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бағытталды

Бүгін 09:47

Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттары білім сапасында нақты көрініс табуы керек – Олжас Бектенов

Бүгін 09:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);