Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан Қаз...

Ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан Қазақстан қанша пайда тапты?

Әлеумет 03.09.2024, 08:39 1,159
Ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан Қазақстан қанша пайда тапты?
Сурет: Turaninfo.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қару-жарақ пен әскери техниканы саудасынан бюджетке қалай 1,1 млрд теңге кіріс түскенін түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сауалды министрлікке Kazinform ақпараттық агенттігі жолдаған.

Қаржы министрлігінің 2024 жылдың 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есебінде қару-жарақ пен әскери техника сатудан бюджетке 1 млрд 97 млн 709 мың теңге түскені айтылған. Ал елімізде 2025 жылға дейін қару жарақ пен әскери техника сатуға шектеу қойылған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталмыш шектеу тұрған кезде қару-жарақ пен әскери техника қайда сатылғанын түсіндірді.

«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысына сәйкес «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізуді (экспорттауды) және жоюды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалған. Осы кәсіпорын 2024 жылғы қаңтардан бастап шілдеге дейін 34 электрондық сауда-саттық жүргізді. 1 млрд 675,1 млн теңге сомасына 233 пайдаланылмайтын мүлікті сатып алу-сату шарты жасалды. Оның ішінде 151 шарт орындалды. Бұдан басқа, 59,7 млн теңге сомасына 7 шарт бұзылды және сатып алушылар 57,1 млн теңге сомасына 7 шартқа қол қоймады. 135 әскери бөлім мен мекемелерден пайдаланылмайтын мүлікті шығару жүзеге асырылады. Оның ішінде Қорғаныс министрлігінен – 75, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен – 36, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланнан – 20, Төтенше жағдайлар министрлігінен – 4 мүлік шығарылды», - деп жазылған жауапта.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ескі қару #әскери техника #сату #пайда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.