Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерте піскен жемістер мен көкөністерді қалай таңдау...

Ерте піскен жемістер мен көкөністерді қалай таңдау керек

Әлеумет 12.05.2022, 16:00 1,366
Ерте піскен жемістер мен көкөністерді қалай таңдау керек
Cурет: Zakon.kz

Құрамында химиялық заттар жоқ алманы кескен кезде, оның ортасының түсі бір минут ішінде өзгереді


Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ерте піскен жемістер мен көкөністі оның қауіпсіздігіне кепілдік беретін, сапа сертификаттары бар өндірушілерден алынған дүкендерде сатып алған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.



Ерте, маусымдық емес көкөністер мен жемістерден аулақ болуға тырысыңыз, олардың құрамында өсу мен ерте пісуді ынталандыратын қоспалар нитратты тыңайтқыштар, пестицидтер көп болуы мүмкін. Көкөністер мен жемістерді сатып алу кезінде сатушыдан оның шығуы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз, – деді департаменттегілер.



Жемістер, көкөністер бүліну белгілерінсіз, шірік пен көгерусіз, қабығының тұтастығы бұзылмай жаңа піскен болуы керек. Көгерген жидектер, жемістер мен көкөністердегі микотоксин патулин канцерогенді әсерге ие, бауырдың ауруына әкеліп соғуы мүмкін.


Сатып алынған көкөністер, жемістер, жидектер мен шөптерді тоңазытқышта ет және сүт өнімдерінен бөлек сақтау керек.


Дүкен сөрелерінен қауіпсіз көкөністер мен жемістерді табу үшін төмендегідей ұсыныстарды есте сақтау қажет:
• пияз, қияр және қызылшаның көлемі орташа болуы тиіс. Тым үлкен жемістерде нитраттар көп жиналады. Тамыр дақылдарындағы жарықтар да олардағы нитраттардың мөлшері асып кеткендігінің белгісі болып табылады.
• барлық көкөністерді маусымда жеуге тырысыңыз және тек табиғи жолмен өскен көкөністерді қолданған абзал. Жылыжайда қою-жасыл түсті ірі қияр өсіріледі, топырақ қиярлары кішкентай және бетінде қара тікенектер болады. Қиярды тураған жағдайда іші бос және сарғыш болатын болса, демек ол нитраттармен толтырылған, оны мүлдем тағамға қолданбаған жөн.
• шөптерді түсі бойынша таңдаңыз. Егер аскөк, пияз немесе ақжелкеннің жапырақтары тым үлкен және ашық түсті болса, онда оларда нитраттар көп болуы мүмкін.
• Ерте қырыққабат пен сәбізде нитраттар өзекке жиналады. Сондықтан қырыққабат сабағын жеуге болмайды, ал сәбізді таңдаған кезде жұқа қызғылт сары өзегі бар сәбізді таңдаңыз. Тамыр дақылдарында нитрат аймағы шыңдарға жақын жерде, дәлірек айтқанда шыңдардан 1-2 см қашықтықта орналасқан.


Құрамында химиялық заттар жоқ алманы кескен кезде, оның ортасының түсі бір минут ішінде өзгереді. Ал түсі ашық алманың ұзақ уақыт сақталуы үшін консерванттармен өңделгенін көрсетеді. Көкөністер мен жемістердегі нитраттардың мөлшері жібіту, тазарту және пісіру кезінде күрт төмендейді. 80%-ға ерте піскен көкөністер мен жемістердегі нитраттардан оларды бумен өңдеу немесе қайнату арқылы құтылуға болады. Нитраттардан тазарту үшін көкөністі қайнаған сумен шайып алу керек.


Қолданар алдында көкөністер мен жемістерді ағынды сумен жақсылап жуу керек. Шикі көкөністер мен шөптерді топырақ бөлшектері мен шаңды жақсы кетіру үшін салқын суға 10 минутқа жібітіп, содан кейін ағынды сумен шаю ұсынылады.


Есіңізде болсын, жуылмаған немесе сапасыз өндеуден өткен көкөністерді, жемістерді, шөптерді, қауындарды, жидектерді тағамға қолдану ішек инфекциялары мен паразиттік ауруларды тудыруы мүмкін. Сонымен қатар тамақ пісірер алдында қолды мұқият жуу керек екенін есте ұстаған жөн. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз, – делінген Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көкөніс #алма #жеміс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.