ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерсайын Нағаспаев Қостанай облысының өнеркәсіптік...

Ерсайын Нағаспаев Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

Әлеумет 12.05.2025, 15:00 595
Ерсайын Нағаспаев Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты
gov.kz
Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Министр Индустриалды аймақтағы Kia автомобиль шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Kia Qazaqstan кәсіпорны 1500 жұмыс орнын құрып, CKD әдісі бойынша 3 модельді (Sorento, Sportage, Cerato) және SKD құрастыруын қолданатын 10 модельді шығаруды жолға қояды. Онвң жобалық қуаты жылына 70 мың автокөлікке дейін жетеді. Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Е.Нағаспаев «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытында және салынып жатқан жетек осьтерінің бас берілістерін шығаратын зауытта болды. Құю өндірісінің қуаттылығы жылына 45 мың тоннаға дейін жетеді, редукторлар (жылына 74 мың дана) өндірісін іске қосу 2025 жылдың екінші жартысында күтілуде.

Автокөлік құрамдас бөліктерінің базасын дамыту аясында Министр «TEHNOPARK» шағын индустриялық аймағының қызметімен танысты, мұнда қуаттылығы жылына 60 мың құрамдас бөлікке дейінгі оқшаулау орталығын салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ProProduction 10» автокомпоненттері зауыты мен «Тобыл» ТМК «Құрғақ порт» логистикалық кешенін салу жобалары таныстырылды.

Министр «Allur» зауытының қызметімен, сондай-ақ жұмысшылар мен студенттерге арналған жатақхана құрылысының барысымен танысты. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында зауытта JAC, Chevrolet, Kia, Jetour және Skoda маркалы 25 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Қазіргі уақытта модельдерді оқшаулау бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.