Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Ерлік мәңгі ел жадында

Ерлік мәңгі ел жадында

Алматы 15.02.2026, 17:01 100
Ерлік  мәңгі ел жадында
Қайрат Қоныспаев

15 ақпан күні Алматы қаласында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына арналған еске алу шарасы өтті. Атаулы күнге орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шара белгіленген уақытта басталып, салтанатты әрі жинақы форматта өтті. Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Еске алу рәсімінің алғы сөзін «Тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев жеткізді. Ол өз баяндамасында Ауған соғысының тарихи маңызына тоқталып, интернационалдық борышын атқару барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ бейбіт өмірдің құны сол жылдардағы ауыр сын мен құрбандықтар арқылы келгенін нақты айтты.

Жиын барысында Алматы қаласы әкімдігінің өкілі, Алматы қаласы бойынша өңірлік гарнизонның өкілі, «Народные Герои» қоғамдық бірлестігінің өкілі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ардагерлер ұйымдарының Үйлестіру кеңесі мен «Көк Байрақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдері еске алу мазмұнындағы баяндамалар жасады. Сөздерінде олар Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдағы орнына, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығына және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі мұндай шаралардың рөліне тоқталды.

Рәсім барысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шара салтанатты, байыпты жағдайда аяқталды.

Аталған еске алу жиыны – Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың ерлігін ұлықтауға, ел тарихындағы күрделі кезеңдерді ұмытпауға және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған маңызды қоғамдық іс-шара ретінде өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауған соғысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.