ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Ерлан Қошанов: Сындарлы кезеңде халық сенімінен шы...

Ерлан Қошанов: Сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, Президент бастамаларын қолдау - біздің басты міндет

Саясат 02.02.2022, 04:46 1,640
Ерлан Қошанов: Сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, Президент бастамаларын қолдау - біздің  басты міндет
Сурет: Baribar.kz
Мәжіліс төрағасы Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін айтты

Мәжіліс төрағасы Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін айтты


Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан «Жаңа Қазақстан» құру жолында Парламентке артылар жүк те, жүктелер жауапкершілік те өте зор. Сондықтан осынау сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау – біздің басты міндет. Сайлаушылар тарапынан депутаттарға қойылатын талап қашан да жоғары екендігін өздеріңіз білесіздер. Әсіресе, кешегі қаңтар оқиғалары бүкіл еліміз үшін үлкен сын болды. Күн тәртібінде тәуелсіздігіміз мен мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалу мәселесі тұрды. Елдігімізге қауіп төнген осы сын сағатта Мемлекет басшысы барлық жауапкершілікті өзіне алып, батыл шешімдер қабылдады. Президент халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдеді», - деді Е. Қошанов Мәжіліcтің жалпы отырысында.



Осы орайда Мәжіліс төрағасы бірінші кезекте Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті. Халық сайлаған депутаттар, ең алдымен, өз сайлаушыларына жақын болуы керек.



«Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз», - деді ол.






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.