ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров: Алматыда медицина кадрларының т...

Ержан Бабақұмаров: Алматыда медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Әлеумет 07.10.2021, 07:31 1,029
Ержан Бабақұмаров: Алматыда медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
wikicity.kz
Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін Алматы әкімдігі колледжде оқу үшін 391 грантқа қаржы бөлді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз...

Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін Алматы әкімдігі колледжде оқу үшін 391 грантқа қаржы бөлді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz


Ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша Жол картасын бекітті. Жол картасының іс-шаралары аясында өте тапшы дәрігерлік мамандықтар бойынша резидентурада оқу үшін 120 грантқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Резиденттерді оқыту 1 қыркүйектен басталды.



 «Медицина кадрларының тапшылығы коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған жаңа стационарлардың – 2 модульдік стационар және Дегдардағы Жекенова атындағы ГКИБ-нің филиалы 500 төсекке 10, сондай-ақ "Халық Арена" кешенінің және басқалардың ашылуы аясында туындады. Кейін, КВИ 4-ші толқыны кезінде 2 жатақхана, қонақ үй және т.б. базасында инфекциялық төсек-орындары ашылды, инфекциялық стационарлардағы жұмыс үшін төлемнің айырмашылығына байланысты МСАК ұйымдарынан инфекциялық стационарларға уақытша жұмысқа медицина кадрлары ауыстырылды», - деді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.



Бүгінде тұрақтану қарқынына сәйкес, КВИ-ді емдеуге тартылған көп бейінді стационарлар бұрынғы жұмыс ырғағына қайта оралды. Жоспарлы емдеуге жатқызу жалғасуда.



2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада дәрігерлер тапшылығы 215 бірлікті, орта медициналық персонал – 400-ге жуық штаттық бірлікті құрады.


Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін олардың колледжде оқуы үшін 391 грантқа қаржы бөлінді.


Сондай-ақ КВИ-мен күреске тартылған қызметкерлерді ынталандыру бойынша іс-шаралар көзделген, мамандар үшін 10 пәтер бөлінді, 300 жас маман "Алматы Жастары 3.0" тұрғын үй бағдарламасына қатыса алды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.