AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше балалар жүзуге тегін қатыса алады

Ерекше балалар жүзуге тегін қатыса алады

Әлеумет 10.05.2022, 07:00 1,952
Ерекше балалар жүзуге тегін қатыса алады
Сурет: Baby-swimming.ru

Жоба аутизмі бар балалардың қоғамға бейімдеуге бағытталған


Қарағанды облысы республикада бірінші болып аутист балаларға арналған спорттық жобаны іске қосты. Ол үшін он жаттықтырушы арнайы оқытылып, «Бейімделген дене шынықтыру» курсы бойынша сабақтар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Жоба бір айдан бері жұмыс істеуде. Он жаттықтырушы онлайн-форматта Ресей академиясында оқытудан өтуде, сонымен қатар жұмыс істейді. Бұған қоса олардың он көмекшісі бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша біз Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында 80 баланы жинадық. Жоба аутизмі бар балалардың қоғамға бейімделуіне бағытталған. Осы аз уақыт ішінде біз нәтижелерді көріп отырмыз», - деді аутизм және менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған спорттық-сауықтыру жобасының жетекшісі Гаухар Акижанова.



Сабақтар аптасына екі рет, бір жарым сағаттан өтеді. Алдымен гимнастика және құрлықта бейімделген жаттығулар, содан кейін жүзу. Жоба жетекшісінің айтуынша, бейімделуден кейін аптасына тағы бір сабақ қосу жоспарлануда.



«Осы бір айдың ішінде біз достасып кеттік. Әр баланың икемін табу керек. Нәтижелерді көргенде, бала барлығын ойдағыдай орындағанда, қуанамыз», - деп бөлісті жаттықтырушы Елена Райнгардт. Ата-аналар да өте риза.


«Менің ұлым 11 жаста. Біз жүзу бөлімі туралы білгенде өте қуандық. Сабақтар тегін. Біздің балалар суды жақсы көреді, ол оларды тыныштандырады. Біз ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларға ризамыз», - дейді ерекше баланың анасы Қарлығаш Жұмаділова.



Бұл өңірдегі мүгедек адамдарға спорт нысандарының қолжетімділігі үшін жасалып жатқан жалғыз нәрсе емес. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзден астам ерекше бала таэквондо және шахмат секцияларында шұғылданады.


Мектепте мүгедектер спорты бойынша жаттықтырушылар штаты ұлғайтылды. Жұмыс істеп тұрған спорт нысандары мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделуде. Инклюзияны ескере отырып, жаңа спорт алаңдары салынуда.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#аутизм #спорт #мүмкіндік #қарағанды #ерекше балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);