Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев тұрғындарды үздіксіз және тұрақты...

Ерболат Досаев тұрғындарды үздіксіз және тұрақты жылумен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Әлеумет 30.01.2024, 07:19 1,030
Ерболат Досаев тұрғындарды  үздіксіз  және тұрақты жылумен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды
Сурет: Egemen.kz

Ерболат Досаев: Алматыда жылыту маусымы штаттық режимде өтуде


 Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізді, жиында 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының барысы қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Энергетика және сумен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, білім басқармаларының басшылары, сондай-ақ «Алматы жылу желілері» ЖШС, «АлматыЖылуКоммунЭнерго» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылары жылыту маусымының ағымдағы өтуі туралы баяндады. Алматыны жылумен жабдықтау ЖЭО-1,2, «АлЭС» АҚ БЖК (65%) және «АТКЭ» ЖШС-нің 84 жергілікті қазандығы (35%) есебінен қамтамасыз етіледі.


Бүгінгі таңда қалада барлық әлеуметтік нысандар мен көппәтерлі тұрғын үйлер (КТҮ – 8 863, білім беру объектілері – 404, денсаулық сақтау объектілері - 128) үздіксіз жылумен қамтамасыз етілген. Жылу көздерінде және жылу желілерінде температуралық режим бекітілген кестеге сәйкес сақталады. Әкімге жылу беру маусымы кезінде қала қызметтерінің жоғары дайындық режимінде жұмыс істейтіні баяндалды. Штаттан тыс жағдайларды уақтылы жою үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған апатты жою бригадалары жұмыс істейді. Бұл іске барлығы 400-ге жуық адам, 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.


Мегаполис басшысы инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға баса назар аударды. Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы тозуы 59,2%-ды құрады, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар жоспарланған 0,6% орнына тозуды 1,3% - ға қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, ағымдағы жылдың басында 25 жылдан астам уақыт пайдаланылып, тозған желілердің ұзындығы 802,6 км немесе желілердің барлық ұзындығының 57,9%-ын құрайды.


Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда, бұл жылу желілерінің тозуын 1,8% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.


Кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев жылу беру маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізу қала үшін стратегиялық маңызды міндет екенін атап өтті. Жылыту маусымы әлі жалғасуда, сондықтан қалалық қызметтерге қала тұрғындарын тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #Жылыту маусымы #ерекше бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.