ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ералы Тоғжанов қазақ тілін үйрету үшін басқа тілде...

Ералы Тоғжанов қазақ тілін үйрету үшін басқа тілдегі қосымшаларды зерттеуді тапсырды

Білім және ғылым 05.03.2022, 09:02 2,326
Ералы Тоғжанов қазақ тілін үйрету үшін басқа тілдегі қосымшаларды зерттеуді тапсырды
Сурет: Primeminister.kz
Үкіметте мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды.

Үкіметте мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды.


Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына қолдау көрсету және мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөнінде жиналыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Вице-премьер Е. Тоғжанов соңғы жылдары мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп жүрген азаматтар мен бастамашыл топтар қатары артып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы мәселелерді шешу үшін Е. Тоғжанов тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жаңа әрі көпшілікке қызықты контентті қалыптастыру үшін сапалы аудармашы мамандар пулын қалыптастыруды жүктеді. Тілді үйретуге көмектесетін, қолайлы қосымшаларды дамытудың маңыздылығын ескере отырып, ағылшын тілін үйретуге арналған қосымшаларды жан-жақты зерделеуді тапсырды.  


Вице-премьер Е. Тоғжанов кинолардың қазақ тіліндегі аудармаларын сынға алып, қазақша мультфильмдердің де сапасын арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысының 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы іске асыру үшін Е. Тоғжанов Жаңа Қазақстандық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралар жоспары аясында қазақ тіліндегі толықметражды 2 мультфильм, 10 мультсериал, 10 балалар телебағдарламасын, 20 балалар әдебиеті шығармасын, 30 сапалы аударма әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтап енгізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.