конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы: Қазақстан халқының жә...

ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы: Қазақстан халқының және оның конституциялық құрылымының беріктігіне сенеміз

Әлеумет 25.01.2022, 10:29 1,196
ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы: Қазақстан халқының және оның конституциялық құрылымының беріктігіне сенеміз
Inform.kz

ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ мисссиясы 2022 жылдың 20 қаңтарында Венада Қазақстандағы ахуал талқыланған ұйымның Тұрақты кеңесі отырысындағы мәлімдемесін жария етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі, Елші Майкл Карпентер қаңтардағы оқиғалар кезіндегі адамдардың өліміне байланысты қазақстандықтарға көңіл айтып, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.



«Қазақстан халқының және оның конституциялық құрылымының беріктігіне, сонымен қатар олардың осынау дағдарыстан оңалуға қабілетті екендігіне сенеміз», - деп атап өтті америкалық дипломат.



М.Карпентер АҚШ Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкеннің сөзіне сүйене отырып, Вашингтон Қазақстанмен серіктестіктен айнымайтындығын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформаларға қолдау көрсететіндігін қуаттады.


Америка өкілі қазақстандық билікті тергеулердің ашықтығын қамтамасыз етуге және қажетті құқықтық процедураларды сақтауға, сондай-ақ бейбіт жолмен өздерінің наразылығын білдірушілер мен зорлық-зомбылыққа, тонауға қатысушылар арасын саралауға, ұсталған тұлғалардың барлық санаттары үшін тиісті құқықтық процедураларды қамтамасыз етуге шақырды.


Үкімет пен азаматтық қоғамның бейбіт элементтері арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығы айтылды. Азаматтардың бейбіт жиналыстарды еркін жүзеге асыру, БАҚ-қа құрмет таныту және бостандығын қолдау маңыздылығы ерекше аталып өтілді.



«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда ұлтқа арнаған үндеуінде атап өткеніндей, Қазақстанмен маңызды экономикалық, саяси, білім беру және экологиялық мәселелер бойынша серіктестігіміздің жалғасуын тағатсыздана күтеміз», - деп атап өтті АҚШ Елшісі.



Оның атап өтуінше, Қазақстандағы ЕҚЫҰ өкілдігі қоғам тұрақтылығын нығайту және реформаларды ілгерілетуге жәрдемдесу үшін пайдалы құралдарға ие.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕҚЫҰ #Қазақстан #елші #карпентер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);