ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Энергия тапшылығын шешудің жолы талқыланды

Энергия тапшылығын шешудің жолы талқыланды

АЭС: Референдум 15.09.2024, 10:02 1,412
Энергия тапшылығын шешудің жолы талқыланды
primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

Мақсаты – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы міндеттерді іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және өзара іс-қимыл шараларын қарастыру.

Олжас Бектенов мемлекет инвестициялық тартымдылықты арттыру, өнеркәсіптік әлеуетті ашу, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және экономиканың нақты секторын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Ірі бизнес еліміздің технологиялық және инновациялық дамуында маңызды рөл атқара отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуде.

Талқылау барысында энергетика, мұнай-газ секторы, металлургия, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы, денсаулық сақтау, ІТ, туризм салаларының өкілдері ұсыныстарын білдірді. Металдарды терең өңдеу, мұнай-газ химиясы және басқа да басым салалардағы жаңа жобаларға баса назар аударылды. Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері де көтерілді.

Елішілік құндылықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға арналған жаңа әдіснаманы әзірлеуде. Олжас Бектенов бұл тетіктің әділ болатынын және отандық кәсіпорындарға серпін беретінін атап өтті.

Жасанды интеллект жүйелерін кеңейту және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері де қаралды. Туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, «жасыл» қаржыландыру саласында экологиялық таза, энергия үнемдейтін және төмен көміртекті жобаларды іске асырудың маңыздылығы айтылды.

Бизнес өкілдері Мемлекет басшысының атом энергетикасын дамыту бастамасын қолдай отырып, энергия тапшылығы жағдайында өнеркәсіп пен жаңа нысандарды дамыту үшін тұрақты энергия көзінің қажеттілігін атап өтті. Егер 6 қазанда өтетін референдумда атом электр стансасын салу бойынша оң шешім қабылданса, бұл елдегі өндірістердің энергетикалық қажеттіліктерін жабуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.