AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Энергетика министрлігі жылыту маусымының қорытынды...

Энергетика министрлігі жылыту маусымының қорытындысын шығарды

Әлеумет 13.05.2025, 16:14 656 Bakyt
Энергетика министрлігі жылыту маусымының қорытындысын шығарды
gov.kz

Қазақстанның Энергетика министрлігі 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысын шығарып, елдегі газбен қамту жүйесінің тұрақты жұмысын және табиғи газ тұтыну көлемінің артқанын атап өтті

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Вице-министр Әлібек Жамауовтың төрағалығымен 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өту қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары бойынша кеңес өтті.

Кеңеске «QazaqGaz Aimaq» АҚ  бас директоры Бауыржан Аскаров қатысты. Маусым қорытындысы бойынша елдің газ тасымалдау және газ тарату жүйелері тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз газбен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кеткен. 2025 жылдың қаңтарында, яғни ең жоғары жүктеме кезеңінде, газдың сағаттық ең жоғарғы тұтыну көлемі 4 582 мың м³-ті құрады. Авариялық-диспетчерлік қызмет 46 мыңнан астам өтінімді өңдеді. 72,5 мың км-ден астам желі мен 35 мыңға жуық нысанды 4 мыңнан астам маман, оның ішінде тәулік бойы кезекшілік ететін бригадалар қамтамасыз етті.

– «Ішкі тұтыну көлемінің өсуіне және 2025 жылдың қаңтарын қоса алғанда, қысқы маусымда жүктеменің артуына қарамастан, газбен жабдықтау жүйелері тұрақты жұмыс істеді. Бұл барлық тартылған қызметтерді жүйелі дайындаудың және өзара тиімді жұмыстың нәтижесі», - деді вице-министр Әлібек Жамауов.

Сондай-ақ, ол «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ға 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясындағы барлық іс-шараларды уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру құралы ретінде «Әлеуметтік әмиян» цифрлық сервисін республиканың бүкіл аумағында кеңінен енгізуді жеделдетіп жүзеге асыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылу #маусым #QAZAQGAZ AIMAQ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);